ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иранда экологиялық қауіп тереңдеді
Израильдің Иранның мұнай қоймаларына жасаған шабуылы салдарынан тұтанған улы өрттің бірнеше күн бойы жалғасқаны және миллиондаған тұрғынның денсаулығы үшін үлкен қауіп төндіргені хабарланды.
Иранда экологиялық қауіп тереңдеді
Улы өрттің бірнеше күн бойы жалғасқаны және миллиондаған тұрғынның денсаулығы үшін үлкен қауіп төндіргені хабарланды. / AA
24 Наурыз 2026

Дүйсенбі күні “The Guardian” жариялаған есепке сәйкес, Израиль күштері 7 наурызда бірнеше нысанды бомбалап, солтүстік-шығыстағы Агдасие мұнай қоймасын, оңтүстіктегі Тегеран мұнай өңдеу зауытын, солтүстік-батыстағы Шахран мұнай қоймасын және оған іргелес өндіріс пен тасымалдау орталықтарын қамтитын Караждағы ірі жанармай кешенін нысанаға алған.

Осы шабуылдардан кейін қою түтін бұлты қаланы қаптап, ауаға күйе, мұнай бөлшектері және күкірт диоксиді секілді ластаушы заттар тарады.

Көп ұзамай басталған дауыл Тегеранға улы әрі мұнай аралас «қара жаңбырдың» жаууына себеп болды.

Өрттен шыққан бөлшектер бүкіл қалаға таралып, көліктерді, жолдарды және шатырларды қаптады. Тегеран тұрғындары бас ауруы, көз бен тері тітіркенуі және тыныс алудың қиындауы сияқты белгілерге шағымданды.

Мақалада аты аталған сарапшылар бұл түтінді жұту ұзақ мерзімде жүрек-қан тамырлары ауруларының, когнитивтік бұзылыстардың және қатерлі ісік қаупінің артуына әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Шабуылдардан екі күн өткен соң түсірілген спутниктік суреттер Шахран қоймасы мен Тегеран мұнай өңдеу зауытының әлі де жанып жатқанын көрсетті. Еуропалық ғарыш агенттігі 10 күннен кейін түсірген суреттерде Агдасие қоймасында түтін мен жалын әлі де жалғасып жатқаны көрінді.

Ирандық дәрігерлер қышқылды жаңбырдың қаупі туралы шұғыл ескерту жариялап, адамдарға үйден шықпауға, ластанған киімдерді тастауға және N95 маскасын тағуға кеңес берді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (UNEP) бұл оқиғаның ауыр салдарына назар аударды.

Ұйым мұндай ірі өрттен шыққан ластаушы заттар топырақ пен су көздеріне сіңіп, жерасты суларын ластауы мүмкін екенін, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдері арқылы азық-түлік тізбегіне енуі ықтимал екенін баса айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Иранның электр станцияларына қарсы әскери операцияны кейінге қалдырды
Іздеу
"Бушер ядролық станциясы АҚШ-Израиль шабуылына ұшырады"
Иран газ нысандарына шабуыл жасалғанын хабарлады
Техастағы «Valero» мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды
Газада геноцид жүргізу барысында Израиль экономикасы 57 миллиард доллар шығынға ұшырады
Колумбияда әскери ұшақ апатынан кемінде 66 адам қаза тапты
Иранда экологиялық қауіп тереңдеді
Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Иран Парсы шығанағы су айдынына мина орналастырамын деп қорқытты
Вашингтон Иранмен соғыстың ұзаққа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді
Израиль армиясы Батыс Шерияда 15 палестиналықты қамауға алды
Ким Чен Ын Мемлекеттік істер комиссиясының төрағасы ретінде қайта сайланды
Нью- Йорктың LaGuardia әуежайында апат: екі ұшқыш қаза тапты
Ормуз бұғазындағы дағдарыс жаһандық экономика үшін үлкен қауіпке айналуда
Израиль Тегеранға шабуылдады
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді