ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль Тегеранға шабуылдады
Израильдің жаңа шабуылдары мен Иранның аймақтық инфрақұрылымға бағытталған қауіптері қақтығыстың артуына және жаһандық жеткізілімдердің бұзылуы мен ұзақ мерзімді экономикалық дағдарыс қаупінің күшеюіне байланысты мұнай нарығын шайқалтты.
Израиль Тегеранға шабуылдады
Израиль Тегеранға шабуылдады / Reuters
23 Наурыз 2026

Израиль дүйсенбі күні Иранға шабуылдап, Тегеран тарапынан жаңа қауіптің пайда болуына түрткі болды. Соңғы он жылдағы ең ауыр жаһандық энергетикалық дағдарысқа алып келген қақтығысты одан әрі ушықтырды.

Тегеранда жарылыс даусы естіліп жатқан кезде Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері өздеріне бағытталған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын жойғандарын мәлімдеді.

Халықаралық энергетика агенттігінің басшысы Фатих Биролдың айтуынша, мұнай және газ өндіруші елдердегі кемінде 40 энергетикалық нысан ауыр немесе өте ауыр деңгейде зақымданған.

Иран бұл шабуылдарға жауап ретінде Израильді, Парсы шығанағындағы энергетикалық нысандарды, тіпті АҚШ-тың дипломатиялық өкілдіктерін нысанаға алды. Сондай-ақ әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен бестен бірі өтетін стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазын жапты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ-тың  мұнай танкеріне шабуыл жасағанын мәлімдеді

Мұнай дағдарысы және қауіптің артуы

Мұнай бағасы барреліне 100 доллардан асқаннан кейін, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға ескерту жасап, егер 48 сағат ішінде бұғазды қайта ашпаса, энергетикалық инфрақұрылымы жойылатынын мәлімдеді.

Тегеран бұл қауіпке қарсы батыл жауап берді. Мәжіліс төрағасы Мұхаммед Бакыр Галибаф Вашингтон шабуылды жүзеге асырған жағдайда, бүкіл өңірдегі маңызды инфрақұрылым нысандары заңды нысанаға айналатынын ескертті.

Фатих Биролдың айтуынша, бұл дағдарыс салдарынан әлемдік нарықтан күн сайын шамамен 11 миллион баррель мұнай шығындалуда және бұл көрсеткіш 1970-жылдардағы мұнай дағдарыстары кезіндегі деңгейден де асып түсті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Таяу Шығыстағы соғыс мұнай жеткізіліміне ең ауыр соққы болды

Дағдарысты бақылауға алу үшін жедел жаһандық үйлестіру қажет екенін атап өткен Бирол: «Бұл жағдайдан ешбір ел тыс қалмайды», – деп ескертті.

Іздеу
"Бушер ядролық станциясы АҚШ-Израиль шабуылына ұшырады"
Иран газ нысандарына шабуыл жасалғанын хабарлады
Техастағы «Valero» мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды
Газада геноцид жүргізу барысында Израиль экономикасы 57 миллиард доллар шығынға ұшырады
Колумбияда әскери ұшақ апатынан кемінде 66 адам қаза тапты
Иранда экологиялық қауіп тереңдеді
Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Иран Парсы шығанағы су айдынына мина орналастырамын деп қорқытты
Вашингтон Иранмен соғыстың ұзаққа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді
Израиль армиясы Батыс Шерияда 15 палестиналықты қамауға алды
Ким Чен Ын Мемлекеттік істер комиссиясының төрағасы ретінде қайта сайланды
Нью- Йорктың LaGuardia әуежайында апат: екі ұшқыш қаза тапты
Ормуз бұғазындағы дағдарыс жаһандық экономика үшін үлкен қауіпке айналуда
Израиль Тегеранға шабуылдады
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді