ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
"Бушер ядролық станциясы АҚШ-Израиль шабуылына ұшырады"
Иран билігі зымыранның нысан аумағына түскенін, бірақ станцияға ешқандай зақым келмегенін мәлімдеді.
"Бушер ядролық станциясы АҚШ-Израиль шабуылына ұшырады"
"Бушер ядролық станциясы АҚШ-Израиль шабуылына ұшырады" / Reuters
25 Наурыз 2026

Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымы Америка Құрама Штаттары мен Израильдің Бушер атом электр станциясына шабуыл жасағанын және бір снарядтың нысан ішіне ешқандай зақым келтірмей түскенін мәлімдеді.

Мемлекеттік “IRNA” ақпарат агенттігінің ұйымға сілтеме жасап берген мәліметі бойынша, жергілікті уақытпен сағат 21:08-де (GMT 17:38) елдің оңтүстігіндегі Бушер қаласында орналасқан нысанның маңына соққы берілген.

Ұйым өз мәлімдемесінде «Америкалық-сионистік жау Бушер атом электр станциясының аумағына қайтадан шабуыл жасады. Бушер станциясының ішіне бір снаряд түсті», — деп көрсетті.

Сондай-ақ мәлімдемеде «Алғашқы мәліметтер бұл оқиғаның ешқандай материалдық немесе техникалық зақымға, сондай-ақ адам шығынына әкеп соқпағанын және станцияның ешбір жерінің зақымдалмағанын көрсетеді», — делінген.

“IRNA” агенттігі бұл шабуылды Америка Құрама Штаттары мен Израильдің жалғасып жатқан «дұшпан әрекеттерінің» бір бөлігі ретінде сипаттады.

Іздеу
"Бушер ядролық станциясы АҚШ-Израиль шабуылына ұшырады"
Иран газ нысандарына шабуыл жасалғанын хабарлады
Техастағы «Valero» мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды
Газада геноцид жүргізу барысында Израиль экономикасы 57 миллиард доллар шығынға ұшырады
Колумбияда әскери ұшақ апатынан кемінде 66 адам қаза тапты
Иранда экологиялық қауіп тереңдеді
Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Иран Парсы шығанағы су айдынына мина орналастырамын деп қорқытты
Вашингтон Иранмен соғыстың ұзаққа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді
Израиль армиясы Батыс Шерияда 15 палестиналықты қамауға алды
Ким Чен Ын Мемлекеттік істер комиссиясының төрағасы ретінде қайта сайланды
Нью- Йорктың LaGuardia әуежайында апат: екі ұшқыш қаза тапты
Ормуз бұғазындағы дағдарыс жаһандық экономика үшін үлкен қауіпке айналуда
Израиль Тегеранға шабуылдады
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді