ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Газада геноцид жүргізу барысында Израиль экономикасы 57 миллиард доллар шығынға ұшырады
Израиль Орталық банкінің мәліметтері Газадағы геноцид пен аймақтық қақтығыстарға байланысты Израильдің айтарлықтай экономикалық шығынға ұшырағанын көрсетеді.
Газада геноцид жүргізу барысында Израиль экономикасы 57 миллиард доллар шығынға ұшырады
Газада геноцид жүргізу барысында Израиль экономикасы 57 миллиард доллар шығынға ұшырады / AP
24 Наурыз 2026

«Bloomberg» агенттігі таратқан ақпаратқа қарағанда, Газадағы екі жылға созылған геноцид кезінде Израиль экономикасы 57 миллиард доллардан астам шығынға ұшыраған.

Израиль банкінің 2025 жылғы жылдық есебінде жарияланған мәліметтер 2023 пен 2025 жылдар аралығында шамамен 57 миллиард долларды немесе жылдық ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 8,6%-ын құрайтын 177 миллиард шекель шығын болғанын көрсетті.

Негізінен Газадағы геноцидке байланысты туындаған бұл шығын Израильдің Ливанға басып кіруіне жұмсалған шығындарды да қамтиды.

Дегенмен есепте Израильдің Иранға қарсы соғысының экономикалық салдары әлі ескерілмеген.

Израильдің әскери кабинеті осы айдың басында соғысты қаржыландыру үшін 13 миллиард доллар қосып, қайта қаралған 2026 жылғы мемлекеттік бюджетті бекітті. Сондай-ақ есепте сауда құрылымындағы өзгерістер де атап өтілді, соған сәйкес, Израильге сын көзбен қарайтын Еуропалық Одақтың сегіз еліне экспорт 2024 жылы 1 миллиард долларға, ал 2025 жылы 1,5 миллиард долларға азайған, есесіне кейбір басқа елдермен сауда көлемі артқан.

Израиль банкі «Бұл үрдіс саяси ұстанымдардың аталған елдерге жасалатын экспорт көлеміне әсер еткенін көрсетуі мүмкін», — деп мәлімдеді.

Сонымен қатар банк өткен маусым айында Иранмен болған 12 күндік соғыстың өзі экономикалық өнімділікті ІЖӨ-нің 0,3%-ына азайтқанын қосып өтті.

Израиль 2023 жылдың қазан айында Газаға қарсы геноцидін бастады, содан бері 72 000-нан астам палестиналықты өлтіріп, шамамен 172 000 адамды жаралады және азаматтық инфрақұрылымның 90%-ға жуығын қиратты.

Іздеу
"Бушер ядролық станциясы АҚШ-Израиль шабуылына ұшырады"
Иран газ нысандарына шабуыл жасалғанын хабарлады
Техастағы «Valero» мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды
Газада геноцид жүргізу барысында Израиль экономикасы 57 миллиард доллар шығынға ұшырады
Колумбияда әскери ұшақ апатынан кемінде 66 адам қаза тапты
Иранда экологиялық қауіп тереңдеді
Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Иран Парсы шығанағы су айдынына мина орналастырамын деп қорқытты
Вашингтон Иранмен соғыстың ұзаққа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді
Израиль армиясы Батыс Шерияда 15 палестиналықты қамауға алды
Ким Чен Ын Мемлекеттік істер комиссиясының төрағасы ретінде қайта сайланды
Нью- Йорктың LaGuardia әуежайында апат: екі ұшқыш қаза тапты
Ормуз бұғазындағы дағдарыс жаһандық экономика үшін үлкен қауіпке айналуда
Израиль Тегеранға шабуылдады
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді