ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
Бұл мәселеге қатысты хоуситтер әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
Йемен үкіметтік күштері стратегиялық Кирфан тауын хоуситтерден қайтарып алғанын мәлімдеді.

Йеменде үкімет күштері елдің оңтүстігіндегі Таиз провинциясына қарасты Әш-Шамайетейн ауданында орналасқан стратегиялық маңызы бар Кирфан тауын хоуситтерден қайтарып алғанын хабарлады.

Йемен Қарулы күштерінің Баспасөз орталығы таратқан мәлімдемеге сәйкес, Таиз бағытындағы күштердің штаб бастығы генерал-майор Абдулазиз әл-Мәжиди үкімет күштерінің Кирфан тауын толық бақылауға алғанын мәлімдеді.

Мәжиди Бени Өмер аймағындағы «халықтық қарсылық күштері» де қолдау көрсеткен операция барысында тауда бекінген хуситтермен болған қақтығыстардан кейін оның бақылауға алынғанын айтты.

Мәжидидің мәліметінше, қақтығыстарда 5-тен астам хоусит қаза тауып, шамамен 20 адам жараланған. Ол сондай-ақ хоуситтердің аймақтағы үкімет күштерінің позицияларын минометпен атқылауды жалғастырып жатқанын хабарлады.

Бұл мәселеге қатысты хоуситтер әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Кирфан тауы Әш-Шамайетейн мен Әл-Уазийя аудандары арасындағы «Жердад-Бени Өмер» майданының тау жотасында орналасуына байланысты стратегиялық маңызға ие.

Биіктікті бақылауға алу үкімет күштеріне аймақты бақылауда ұстау және атыс қашықтығы арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан елеулі басымдық береді.

Іздеу
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты