Министрліктің жазбаша мәлімдемесінде: «Түркияға тиесілі «Яшар» және «Надежда» азаматтық кемелері кеше кешке Новороссийск портынан шыққаннан кейін дрон шабуылына ұшырағаны және жараланған бір топ қызметкердің арасында Түркия азаматтарының да бар екені анықталды. Азаматтарымыздың өмірі мен қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Олардың жағдайы жіті бақылауда. Ескертулерге қарамастан, Ресей мен Украина арасындағы соғыстың Қаратеңізде кеңейіп, азаматтық кемелерге де қауіп төндіре бастауы бізді қатты алаңдатады», – делінген.
Сондай-ақ шара қабылданбаған жағдайда Қаратеңіздегі шиеленістің азық-түлік қауіпсіздігімен қатар түрлі салаға кері әсер ететініне назар аударылды.
Министрлік тараптарды және осы мәселеге қатысы бар барлық тарапты Қаратеңізде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты шара қабылдауға шақырды.



























