ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран: “АҚШ саясатын өзгертпейінше Ормуз бұғазы қайта ашылмайды”
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тың «қоқан-лоққысы мен өңірдегі теңіз қатынасына араласуы жалғасқан жағдайда» Ормуз бұғазы қайта ашылмайтынын мәлімдеді.
Иран: “АҚШ саясатын өзгертпейінше Ормуз бұғазы қайта ашылмайды”
(МҰРАҒАТ) Иран: “АҚШ саясатын өзгертпейінше Ормуз бұғазы қайта ашылмайды”

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазына қатысты жазбаша мәлімдеме таратты.

Мәлімдемеде Ормуз бұғазының Иранның бақылауында екені айтылып, АҚШ-тың «қоқан-лоққысы мен өңірдегі теңіз қатынасына араласуы» тоқтамайынша бұғаздың қайта ашылмайтыны және қазіргі ахуалдың одан әрі күрделене түсуі мүмкін екені хабарланды.

Сондай-ақ мәлімдемеде АҚШ-ты қолдайтын елдер ұстанымдарын өзгертпеген жағдайда «қатаң жауап берілетіні» ескертілді.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ Иранға бағытталған жаңа шабуыл толқынын аяқтады