Министрліктің мәлімдемесінде Ресей Қарулы күштерінің түнгі уақытта Украина армиясының мүддесіне пайдаланылып жатқан порттар мен теңіз құралдарына қарсы шабуылдарын жалғастырғаны айтылды.
Мәлімдемеге сәйкес, әуеден ұшырылатын жоғары дәлдіктегі қарулар және ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен Одесса портында Украина армиясын қамтамасыз ету үшін пайдаланылған жанармай қоймаларына соққы жасалған.
Сондай-ақ Николаев портында ұшқышсыз теңіз аппараттарын пайдалану үшін қайта жабдықталған теңіз буксирі нысанаға алынғаны хабарланды.
Министрлік мәлімдемесінде Қаратеңізде Затока елді мекенінен шығысқа қарай 8 шақырым жерде әскери жүк тасымалдаған құрғақ жүк кемесіне де соққы берілгені хабарланды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей: «Украинаның порты мен әскери жүк кемесін нысанаға алдық»






















