Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі мәлімдемесінде «Telegram» басшылығының Ресейдегі лаңкестік және диверсиялық әрекеттерді үйлестіру үшін пайдаланылған арналар мен боттарды жоймағаны атап өтілді.
Мәлімдемеде Дуровқа қатысты террористік әрекеттерге көмектесу айыбы бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны және оған халықаралық іздеу жарияланғаны айтылды.
Сондай-ақ Украина барлау қызметтері мен террористік және экстремистік ұйымдардың «Telegram» желісіндегі көптеген арнаны, чат тобы мен ботты Ресей аумағындағы диверсиялар мен террорлық шабуылдарды, жаппай қырғындар мен кибералаяқтық әрекеттерді дайындау және үйлестіру мақсатында пайдаланғаны мәлімделді.
Бұған дейін Ресейде «Telegram» желісіне кіруге шектеу қойылып, компанияға жалпы сомасы 100 миллион рубльден асатын айыппұл салынған еді.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 27 шілдедегі мәлімдемесінде «Telegram» желісінің жұмысын толыққанды қайта қалпына келтіруге қатысты келіссөздер жалғасып жатқанын, алайда компания өкілдерінің бұл үдерісте жеткілікті белсенділік танытпағанын айтқан болатын.























