ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Энергия тиімділігінен айналмалы экономикаға, технологиядан өнерге дейінгі кең ауқымды бағдарламаны қамтитын «Нөлдік қалдық» фестивалі бүгін Стамбулдағы Ататүрік әуежайында басталды.
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды

Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында жаһандық экологиялық қозғалысқа айналған «Нөлдік қалдық» бастамасы Стамбулда миллиондаған адамды тұрақты өмір салты мәдениеті төңірегінде біріктіреді.

БҰҰ-ның «Нөлдік қалдық» жөніндегі консультативтік кеңесінің басшысы Емине Ердоғанның қолдауымен, «Нөлдік қалдық» қоры мен Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін фестиваль 4–7 маусым аралығында Ататүрік әуежайында қонақтарын қабылдайды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Әлемдегі ең ірі «Нөлдік қалдық» форумы Стамбулда өтеді

«TRT»  ̶  фестивальдің ресми ақпараттық демеушісі

Түркияның қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы жетекші бастамаларының бірі саналатын «Нөлдік қалдық» қозғалысы тағы бір маңызды белеске қадам басты. Ұлттық экологиялық бастамадан жаһандық өзгеріс үлгісіне айналған жобаның ресми ақпараттық серіктесі  ̶  «TRT» Телерадиокорпорациясы.  Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениеті мен тұрақты өмір салтын күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруды мақсат еткен фестиваль төрт күн бойы энергия тиімділігі, қайта өңдеу, жаңартылатын энергия көздері, технология, мәдениет, өнер және білім беру бағыттарында мазмұнды бағдарламалар ұсынады.

«Фестиваліміз мазмұнды әрі қызықты бағдарламаларға толы»

«Нөлдік қалдық» қорының төрағасы Самед Агырбаш фестиваль аясында концерт, түрлі іс-шара мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылатынын айтып, шараға 1 миллионға жуық тұрғынның келуін күтетінін жеткізді.

Агырбаш: «Басты мақсатымыз – энергия тиімділігін кеңінен насихаттап, осы бағыттағы жұмыстар арқылы елдегі энергия тұтыну көлемін азайту. Фестиваліміз төрт күн бойы барлық жастағы азаматтарға арналған мазмұнды әрі тартымды бағдарламаларға толы болады. Осы аяда балалар мен отбасыларға нөлдік қалдық мәдениетін дәріптейтін көрмелер, қайта өңдеуге арналған шеберханалар ұйымдастырылады. Сонымен қатар 100-ден астам өнерпаз қайта өңдеу және қалдықтарды кәдеге жарату бағытындағы жұмыстарын жұртшылыққа ұсынып, экологиялық сана қалыптастыруға үлес қосады», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - «TÜRGEV» «Нөлдік қалдық» фестивалінде жастарға тұрақты өмір сүру мәдениетін дәріптейді

39 ауданда 1500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

Сонымен қатар Стамбулдағы «Нөлдік қалдық» апталығы аясында қаланың 39 ауданында 1500-ден астам іс-шара өткізіледі.

Мемлекеттік мекемелер, жергілікті әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жоғары оқу орындары мен тұрғындардың қатысуымен жүзеге асырылатын бұл бастамалар нөлдік қалдық мәдениетін қала көлемінде кеңінен насихаттауға ықпал етпек.

 

Іздеу
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Газада Израильдің шабуылдарынан тағы тоғыз адам қаза тапты
«Еуропаның әскери көмегі Украинадағы дрон өндірісін жеделдетуде»
Түркия ұлттық құрамасы Флоридада алғашқы жаттығуын өткізді
Ұлыбританияда Израильмен байланысы бар “Palantir”-ге сын күшейді
Газада қаза тапқандар саны 72  мыңнан асты
Иран шабуылынан зардап шеккен Кувейт әуежайында рейстер қайта басталды
«Хижаз теміржолы Ормуз бұғазына балама бағыт болмақ»
Тегеран АҚШ-ты Иранға шабуыл жасады деп айыптады
Әлем чемпионатына 48 елден 1248 футболшы қатысады
Израиль күштері Ливандағы операцияларын кеңейтуде
НАТО  Балтық теңізінде оқу-жаттығуларын бастады
Израильдік туристерді тасымалдаған кеме наразылыққа тап болды
Санкт-Петербург экономикалық форумы басталды
«TÜRGEV» «Нөлдік қалдық» фестивалінде жастарға тұрақты өмір сүру мәдениетін дәріптейді