ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Іскерлік орта өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен саясаткерлер Түркия мен Сирия арасындағы трансшекаралық инвестиция, өндіріс және логистика байланыстары үшін жаңа негіз қалыптастыру мақсатында Газиантеп қаласында бас қосады.
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті.

“Анадолы” агенттігі мен Газиантеп қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін жоғары деңгейдегі “AA Қала экономикалары саммитінде” 9 маусымда түрік және сириялық ресми тұлғалар мен бизнес жетекшілерінің қатысуымен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқыланады.

Газиантеп университетінің “Mavera” Конгресс және өнер орталығында өтетін «Газиантеп–Алеппо қала экономикалары саммиті» инвестициялық мүмкіндіктерге, өндірістік желілерге, экспорттық әлеуетке және трансшекаралық сауданы жеңілдетуге бағытталған кедендік реформаларға арналмақ.

Іс-шара Түркия Сауда министрі Өмер Болат, Газиантеп губернаторы Кемал Чебер, Алеппо губернаторы Аззам әл-Ғариб, Газиантеп қала әкімі Фатма Шахиннің және “Анадолы” агенттігінің бас директоры Сердар Карагөздің қатысуымен ашылады.

Баяндамаларда өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған саяси және институционалдық қолдаудың маңыздылығы атап өтіледі.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Сыртқы істер министрі мен Сирия президенті кездесті

Арнайы экономикалық аймақтар талқыланады

Саммиттің негізгі тақырыптарының бірі – Газиантеп пен Алеппо арасында арнайы реттеу режиміне ие өндірістік және сауда аймақтарын құру мәселесі.

Мұндай аймақтар ортақ өндірістік экожүйелерді дамытуға және ірі инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді деп болжануда.

Қатысушылар бұл бастамалардың жеткізу тізбектерін қайта қалыптастыруға және екі экономиканы тиімді байланыстыратын аралық өнеркәсіптік орталықтардың дамуына ықпалын талқылайды.

Сонымен қатар Газиантеп пен Алеппоның сауда және өнеркәсіп палаталарының өкілдері нарық жағдайы мен инвестициялық перспективалар жөнінде пікір білдіреді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, саммит Сирияны қалпына келтіру үдерісін Газиантептен үйлестірілетін экономикалық ынтымақтастық арқылы қолдауды және Түркия мен Сирия арасында институционалдық, тұрақты әрі қосылған құны жоғары сауда жүйесін қалыптастыруды мақсат етеді.

Іздеу
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Газада Израильдің шабуылдарынан тағы тоғыз адам қаза тапты
«Еуропаның әскери көмегі Украинадағы дрон өндірісін жеделдетуде»
Түркия ұлттық құрамасы Флоридада алғашқы жаттығуын өткізді
Ұлыбританияда Израильмен байланысы бар “Palantir”-ге сын күшейді
Газада қаза тапқандар саны 72  мыңнан асты
Иран шабуылынан зардап шеккен Кувейт әуежайында рейстер қайта басталды
«Хижаз теміржолы Ормуз бұғазына балама бағыт болмақ»
Тегеран АҚШ-ты Иранға шабуыл жасады деп айыптады
Әлем чемпионатына 48 елден 1248 футболшы қатысады
Израиль күштері Ливандағы операцияларын кеңейтуде
НАТО  Балтық теңізінде оқу-жаттығуларын бастады
Израильдік туристерді тасымалдаған кеме наразылыққа тап болды
Санкт-Петербург экономикалық форумы басталды
«TÜRGEV» «Нөлдік қалдық» фестивалінде жастарға тұрақты өмір сүру мәдениетін дәріптейді