Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
Әскерилердің Ливанның оңтүстігінде Үндістан әскери контингентінің құрамында қызмет атқаратыны хабарланды.
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді

Қазақстан Қарулы Күштерінің 11 әскери қызметкері Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Ливандағы Уақытша күштері (UNIFIL) аясында бітімгершілік миссияны орындау үшін Ливанға аттанды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде бұл миссия үшін халықаралық стандарттарға сай көпсатылы дайындықтан өткен әскерилердің Ливанның оңтүстігінде Үндістан әскери құрамының сапында қызмет ететіні белгілі болды.

Мәлімдемеде атап өтілгендей, қазақстандық бітімгерлер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандаты шеңберінде атысты тоқтату режимінің сақталуын бақылау, жауапкершілік аймағындағы қауіпсіздік жағдайына мониторинг жүргізу, жергілікті билік органдарымен және тұрғындармен байланысты үйлестіру, гуманитарлық көмек көрсету шараларына қолдау көрсету, патрульдеу жұмыстарын жүргізу, БҰҰ нысандарын күзету және аймақтағы тұрақтылықты қолдау сияқты міндеттерді атқарады.

Қазақстанның Ливандағы БҰҰ бітімгершілік миссиясына қосқан үлесі жаңалық емес екеніне назар аударылған мәлімдемеде аймаққа аттанған бұл топтың еліміздің 11-ші бітімгерлік ротациясы екені көрсетілді. Бұған дейін де UNIFIL аясында Үндістан әскери құрамымен бірге қызмет атқарған қазақстандық сарбаздардың өз міндетін орындау барысында миссия қолбасшылығы мен халықаралық серіктестер тарапынан жоғары бағаланғаны, өздерінің кәсібилігімен, тәртібімен және көпұлтты ортадағы табысты қызметімен ерекшеленгені баса айтылды.

Сондай-ақ мәлімдемеде Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына қатысуы елдің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан маңызды үлесі болып табылатыны, бұл бір жағынан мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттырса, екінші жағынан әскери қызметшілердің көпұлтты құрамда қызмет ете отырып, маңызды далалық тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады