САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтетін халықаралық жүк кемелеріне шабуыл жасау мүмкіндігін әлсірету мақсатында бұл елдегі ондаған нысанның жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілермен соққыға алынғанын хабарлады.
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
АҚШ Орталық қолбасшылығы кеше түнде де Иранға соққы бергенін мәлімдеді

АҚШ Орталық қолбасшылығының «X» парақшасында жарияланған мәлімдемеде Ормуз бұғазындағы теңіз қатынасына төнетін қауіпті барынша азайту мақсатында Ирандағы әскери нысандарға жасалған соққылардың аяқталғаны айтылды.

Мәлімдемеде шабуылдар барысында Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, жағалаудағы радиолокациялық бекеттері, зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттары орналасқан нысандары, сондай-ақ шағын қайықтарының нысанаға алынғаны көрсетілді.

Соққыларға әскери ұшақтар, әскери кемелер, камикадзе ұшқышсыз ұшу аппараттары және алғаш рет камикадзе үлгісіндегі теңіз көліктері қолданылғаны атап өтілді. Мәлімдемеде: «Ормуз бұғазы — жаһандық сауда үшін аса маңызды теңіз дәлізі. Иран бұл бұғазды бақыламайды», — делінген.

Сондай-ақ мәлімдемеде Иранның негізсіз агрессиясына, қудалау әрекеттеріне, қоқан-лоқылары мен біржақты мәлімдемелеріне қарамастан, АҚШ күштері кеме қатынасы еркіндігін қамтамасыз ету үшін тиісті орындарға орналастырылғаны айтылды.

АҚШ армиясы 7 және 8 шілдеде Иран «сауда кемелерін нысанаға алды» деген уәжбен бұл елге қарсы әскери шабуыл бастағанын мәлімдеген еді.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы