ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Израильдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мүшелігін тоқтатуды талап
Нуман Куртулмуш Израильдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мүшелігін палестиналық тұтқындарға өлім жазасын енгізуді көздейтін заң жобасына байланысты тоқтатуды талап етті және Оңтүстік Африка Республикасының апартеид кезеңіне сілтеме жасады.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Израильдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мүшелігін тоқтатуды талап
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Израильдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мүшелігін тоқтатуды талап етті / AA

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Біріккен Ұлттар Ұйымынан Израильдің мүшелігін тоқтатуды сұрады. Ол палестиналық тұтқындарға өлім жазасын енгізу бастамасын сынға алып, апартеид дәуірінде Оңтүстік Африкаға қарсы жасалған халықаралық операцияны мысал ретінде келтірді.

Стамбулда өткен Парламентаралық одақтың 152-ші Бас ассамблеясында сөз алған Куртулмуш халықаралық қауымдастықтың бұрын апартеидке қарсы әрекет еткенін және 1974 жылы Оңтүстік Африканың БҰҰ-дағы мүшелігі тоқтатылғанын еске салды.

Ол Израильдің де осыған ұқсас саясат жүргізіп отырғанын айтып, «Бір елде палестиналықтарға басқа, израильдіктерге басқа заң қолдану апартеид емес пе?», - деді.

ҚатыстыИзраиль депутаттары палестиналықтар үшін Кнессетте бекітілген өлім жазасы заңын тойлауда - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Куртулмуш сондай-ақ БҰҰ-ны сынға алып, ұйымның соңғы қақтығыстарды тоқтата алмағанын және әсіресе Газадағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда әлсіз болғанын айтты.

«Өкінішке қарай, Біріккен Ұлттар Ұйымы күш иелерінің қалауына бағытталған халықаралық құрылымға айналды», – деді ол.

Реформа үндеуі

Нуман Куртулмуш Таяу Шығыстағы көптеген мемлекеттің егемендігінің бұзылғанын атап өтіп, барлық елдің егемендік құқықығы тең ие екенін мәлімдеді.

Куртулмуш бағдарлама аясындағы қосымша іс-шарада Халид Әл Мауалимен кездесті. Оманның араағайындық күш-жігеріне алғыс білдіріп, атысты тоқтату режимін тұрақты ету үшін Пәкістанда келіссөздерді қайта бастауға шақырды.

Куртулмуш Израильдің әрекеттері Парсы шығанағындағы елдер мен Иран арасындағы шиеленісті  арттыратынын ескертті.

Сондай-ақ ол Түркияның Парламентаралық одақтың Бас ассамблеясына төртінші рет төрағалық етіп отырғанын және Стамбулда шамамен 155 елдің өкілдері жиналғанын айтты.

Іздеу
Түркия президенті өңірдегі бейбітшілік туралы мәлімдеме жасады
Түркия президенті Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президентімен кездесті
Хакан Фидан Анталияда Пәкістан премьер-министрі Шарифпен кездесті
Түркия Сыртқы істер министрі мен Сирия президенті кездесті
Сирия армиясы Касрак әуе базасының бақылауын өз қолына алды
“Еуропада авиациялық отын қоры таусылып барады”
Ресей шабуылынан үш адам қаза тапты
Иранмен байланысты кемелер Парсы шығанағына кіру үшін жаңа бағыт таңдады
«FIFA» президенті Иранның Әлем чемпионатына «міндетті түрде» қатысатынын айтты
Таяу Шығыстағы соғыс энергия секторына 58 млрд доллар шығын әкелуі мүмкін
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Израильдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мүшелігін тоқтатуды талап
Дүниежүзілік банк Стамбулдағы Солтүстік теміржол өткелі жобасын қаржыландырмақ
Пәкістан премьер-министрі АҚШ–Иран келіссөздері бойынша үш елге сапарлайды
Түркиядан Иранға гуманитарлық көмек жеткізілмек
Си Цзиньпин Бейжіңде Сергей Лавровпен кездесті