ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
БҰҰ:“2026 жылдың алғашқы жартысында Ресей-Украина соғысында бейбіт тұрғын өлімі 37 пайыз артты"
БҰҰ-ның Адам құқықтарын бақылау миссиясы шекарааралық шабуылдардың үдей түсуі салдарынан жылдың алғашқы алты айында 1 396 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 7 978 азаматтың жарақат алғанын мәлімдеді.
БҰҰ:“2026 жылдың алғашқы жартысында Ресей-Украина соғысында бейбіт тұрғын өлімі 37 пайыз артты"
БҰҰ:“2026 жылдың алғашқы жартысында Ресей-Украина соғысында бейбіт тұрғын өлімі 37 пайыз артты"

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ресей мен Украина арасында жалғасып жатқан соғыста бейбіт тұрғындар арасындағы шығын ағымдағы жылдың алғашқы жартысында 37 пайыз өскенін хабарлады.

БҰҰ-ның Украинадағы Адам құқықтарын бақылау миссиясының басшысы Даниэль Белл Женевада журналистерге берген сұхбатында: «Біз 1 396 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын және 7 978 адамның жараланғанын құжаттандырдық... бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37 пайыз жоғары», — деді.

Бейбіт тұрғындарға қарсы шабуыл жасағандарын теріске шығарып отырған Ресей мен Украина шамамен төрт жарым жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығысты аяқтау үшін АҚШ-тың бастамасымен жүргізілген келіссөздердің тоқырауға ұшырауымен соңғы айларда бір-біріне қарсы шабуылдарын үдете түсті.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасы соңғы күндері Украина мен Ресей аумағында бейбіт тұрғындардың өліміне әкеп соқтырған көптеген шабуылды айыптады.

Ұйым өкілі Тамин Әл-Хитан журналистерге жасаған мәлімдемесінде: «Бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылым халықаралық гуманитарлық құқық аясында қатаң қорғалады, ал мұндай әдейі жасалған шабуылдар соғыс қылмысы болып табылады», — деді.

Іздеу
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүдделерін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді
Солтүстік Кипрде Бейбітшілік және бостандық күні атап өтілді
Венесуэладағы жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 5 208- ге жетті
Хакан Фидан: "Біздің тілегіміз - Иран мен Америка келісімге тезірек қайта оралсын"
Қаратеңіздегі халықаралық мұнай терминалына шабуыл жасалды
Сирия президенті ұлттық қауіпсіздік және барлау қызметтерінің жаңа басшыларын тағайындады
Түркия Грекияның түрік азшылығы мектептерін жабу туралы шешімін айыптады
Әлем кубогы Испанияға бұйырды
15 шілдеден кейінгі сыртқы саясат және Түркияның келешекке арналған стратегиялық бағдары
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
Министр Фидан: «Украинаға сапарымыз өте нәтижелі өтті»
Ресей Түркияға алғыс айтты
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
Иран күштері: «Бахрейндегі АҚШ базасына шабуылдадық»