ХАМАС өзінің қарулы қанаты — Қассам бригадаларының жоғары шенді мүшелерінің бірі Мұхаммед Авденің Газа қаласында жасалған Израиль шабуылында қаза тапқанын хабарлады.
ХАМАС сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Авденің сейсенбі кешінде тұрғын үйге жасалған Израиль шабуылы кезінде жұбайы және екі ұлымен бірге қаза тапқанын айтты.
Палестиналық тойтарыс тобы Авдені «Қассамның жоғары деңгейдегі қолбасшысы» деп атап, оның «қарулы қарсылық операцияларының негізін қалаған алғашқы буынның» өкілі болғанын жеткізді.
Израиль армиясы сәрсенбіге қараған түні Газаның солтүстігінде жасалған шабуылда Авденің өлтірілгенін мәлімдеп, оның жуырда ХАМАС-тың қарулы қанатының жаңа қолбасшысы болып тағайындалғанын білдірген.
Израиль медиасы да Авденің бұл қызметке Иззеддин әл-Хаддадтың жуырда қаза табуынан кейін келгені туралы мәлімет таратты.
Беньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Исраэль Кац та сейсенбі күні армияның Газа қаласына жасаған әуе шабуылында Авденің нысанаға алынғанын айтқан болатын.
Израильдің бұл мәлімдемелері Құрбан айт қарсаңында Газа қаласының орталығындағы халық тығыз орналасқан ауданның ауыр бомбалауға ұшырауынан кейін жасалды.














