Вэнс Вирджиния штатында баспасөз өкілдеріне Иран мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.
Ешбір мәселеде нақты уәде бере алмайтынын, өйткені бұл Иранның алдағы уақытта не істейтініне байланысты екенін айтқан Вэнс Трамптың мәжбүр болмаса және нақты мақсат болмаса, Иранға қайта әскер жібермейтініне кепілдік бере алатынын мәлімдеді.
«Келіссөздер жақсы жүріп жатыр»
Вэнс Катар астанасы Дохада өтіп жатқан келіссөздерге қатысты: «Қазір жағдай жақсы. Келіссөздер жақсы жүріп жатыр», – деді.
Келіссөздердің сәтті аяқталуы үшін қажетті қадамдардың басылатынын айтқан Вэнс: «Алайда олар ядролық бағдарламасын қайта қалпына келтіруге тырысса, тексерістерге рұқсат бермесе, коммерциялық кемелерге шабуылды қайта бастаса, онда әрине президент әрекетке көшеді», – деді.
АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы шабуыл бастаған еді.



















