САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Польша премьер-министрі Туск НАТО саммиті қарсаңында бірлікке шақырды
Польша премьер-министрі Дональд Туск Анкарада өтетін НАТО саммиті қарсаңында Еуропа мен трансатлантикалық бірлік туралы ортақ үндеудің жеткізілуі аса маңызды екенін мәлімдеді.
Польша премьер-министрі Туск НАТО саммиті қарсаңында бірлікке шақырды
Польша премьер-министрі Дональд Туск

Польша премьер-министрі Туск бұл туралы Германия астанасы Берлинде «E5» форматында Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия және Польша басшыларының, сондай-ақ НАТО Бас хатшысы Марк Рюттенің қатысуымен өткен кездесуден кейін ұйымдастырылған бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ол Еуропаның, Батыс әлемінің және Украинаның болашағы Еуропа мен трансатлантикалық бірліктің сақталуына байланысты екенін атап өтіп, Анкарадағы НАТО саммиті алдында осы үндеудің анық әрі нақты жеткізілуі ерекше маңызды екенін айтты.

«Еуропадағы бірлікті сақтауды жалғастырамыз»

Туск Украинаның Ресейге қарсы соғысы жалғасып жатқан кезеңде Польша Еуропадағы бірлікті нығайту жолындағы ұстанымынан бас тартпайтынын айтты. Ол кейбір саясаткерлер трансатлантикалық байланыстардың маңызын жеткілікті бағаламаса да, Польша бұл әріптестікті қолдауды жалғастыратынын атап өтті.

Туск Ресейдің басқыншылық саясатына байланысты қауіпке тап болып отырған елдердің барлық халықаралық форматта өкілдік етуіне күш салатындарын айтты. Оның сөзінше, Польша, Скандинавия елдері, Балтық мемлекеттері және Румыниясыз Ресеймен тартыста табысқа жету мүмкін емес.

Сондай-ақ Туск қорғаныс саласындағы міндеттемелерге жауапкершілікпен қарайтын барлық елді Еуропаның және өздерінің ұлттық қорғаныс әлеуетін күшейту үшін бұдан да көбірек күш жұмсауға шақырды.

Іздеу
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
Швейцариядағы Иран-АҚШ келіссөздерінде не шешілді?
Мәскеу әуежайлары уақытша жабылды
АҚШ пен Иран Швейцариядағы жоғары деңгейлі келіссөздерді аяқтады
Иран: «Ливандағы қақтығысты тоқтату талпыныстары ілгерілеуде»
Зеленский Ресейдің ауқымды шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді
Еуропалық Одақ: «Бізге Түркия қажет»
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы меморандумға «делдал» ретінде қол қойды
Ормуз бұғазын қайта ашу жөніндегі тарихи келісім күшіне енуде
АҚШ–Иран келісімі ресми мәртебе алды
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді
Иран баспасөзі: “АҚШ-пен қол жеткізілген келісім мәтіні қол қойылғаннан кейін жарияланады”
Трамп: «Иранмен ауқымды келісім жасалды»
Трамп пен Зеленский «G7» саммиті аясында кездесті
Израиль министрі Бен-Гвир визадағы қиындықтарға байланысты АҚШ-қа жоспарлаған сапарынан бас тартты
Әлемдегі ең бай 500 адамның байлығына бір күнде 336 миллиард доллар қосылды
Ресей: “Киевпен ресми байланыс арнасымыз жоқ”
Иран министрі: “Бейбіт келісімнің алғашқы шарты – Ливандағы атысты тоқтату”
Иран мен АҚШ толық келісімге қол жеткізілгенін хабарлады