САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Еуропалық Одақ: «Бізге Түркия қажет»
Еуропалық Одақ Грекияға ескерту жасады. ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас грек басылымына берген сұхбатында Еуроодақтың Түркияға мұқтаж екенін мәлімдеді.
Еуропалық Одақ: «Бізге Түркия қажет»
ЕО: «Бізге Түркия қажет»

Еуропалық Одақ Түркия мәселесіне қатысты Грекияға ескерту жасады. Бұл туралы ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас сұқбат берді.

Грекияның жетекші басылымдарының бірі «Ta Nea» газетіне берген сұхбатында Каллас әсіресе қорғаныс саласында Түркиямен ынтымақтастық орнатудың маңызды екенін атап өтті.

Еуропалық Одақтың 150 миллиард еуролық «SAFE» қорғаныс бағдарламасына Түркияның қатысуына кедергі келтіруге тырысып жатқан Грекияға қарата айтқан сөзінде ол: «Біз Түркиямен мүмкіндігінше ынтымақтастықта болуды қалаймыз. Қорғаныс саласында Түркияның «SAFE» бағдарламасына қатыспауына қарамастан, ЕО-ға мүше мемлекеттер Түркиямен тығыз ынтымақтастық орнатуға ұмтылып отыр. Өйткені олардың басым бөлігі Түркиямен бірге НАТО құрамында және Түркия одақта маңызды рөл атқарады», – деді.

Ал грек газетінің «Түркия ЕО-ның екі мүшесін қорқытып отыр» деген арандатушылық сипаттағы сұрағына жауап берген Каллас Еуропаның, әсіресе қорғаныс саласында Түркиямен ынтымақтастыққа мұқтаж екенін айтты. Сондай-ақ ол Түркияның Еуропаның қауіпсіздік архитектурасындағы маңызды орнына ерекше назар аударды.

Іздеу
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналады
Түркия волейбол құрамасы FIVB Ұлттар лигасында Франциямен кездеседі
"Түркия болмаса, Трамп келмейтін еді"
Ұлттық құрама Сан-Хоседе жаттығу өткізді
Ресей Киевке шабуыл жасады
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді
Президент Ердоған елшілердің сенім грамоталарын қабылдады
Лос-Анджелесте Әлем кубогының қызығы: "Turkish Vibe Zone" есігін ашты!
Иран баспасөзі: “АҚШ-пен қол жеткізілген келісім мәтіні қол қойылғаннан кейін жарияланады”
Түркияның Ұлттық барлау ұйымы ДАИШ жетекшілерінің бірін ұстады
Трамп: «Иранмен ауқымды келісім жасалды»
Президент Ердоған Испания Конституциялық соты төрағасының орынбасары Уэртасты қабылдады
Министр Юмаклы: «Түркияны көгалдандыруды жалғастырамыз»
Президент Ердоған патриарх Варфоломейді қабылдады
Түркия Әлем кубогындағы үмітін жандандыру үшін Парагвайды жеңуді көздейді