САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп соғыс өкілеттіктері туралы заң жобасының қабылдануына қатысты пікір білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Сенатында Иранға қарсы әскери операцияларды шектеуді көздейтін соғыс өкілеттіктері туралы заң жобасының қабылдануын «жауға көмек көрсетумен тең» деп бағалады.
Трамп соғыс өкілеттіктері туралы заң жобасының қабылдануына қатысты пікір білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп

Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ Сенатында соғыс өкілеттіктері туралы заң жобасының дауысқа салынуына қатысты пікір білдірді.

Ол Иранды тығырыққа тірегенін, Тегеранның барлық нәрсеге келісуге дайын екенін және ондаған жылдан кейін алғаш рет АҚШ пен оның президентіне құрмет көрсетіп отырғанын алға тартты.

Трамп АҚШ Сенатының соғыс өкілеттіктері туралы заң жобасын дауысқа салу туралы шешімін «уақыты дұрыс таңдалмаған әрі мәнсіз қадам» деп бағалады.

Трамптың айтуынша, Сенаттың бұл қадамы АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерін құптамайтынын көрсетеді. Оның пікірінше, мұндай шешім «жауға қолдау көрсетіп, оның жағдайын жеңілдетуге» тең.

Трамп республикашыл төрт сенатордың демократтармен бірге дауыс бергенін айтып, «Бұл сенаторлар менің жұмысымды қиындатты, бірақ мен бұл істі аяқсыз қалдырмаймын», – деді.

АҚШ Сенатындағы дауыс беруде республикашыл төрт сенатордың қолдауымен Өкілдер палатасының Трамптан АҚШ армиясының Иранға қарсы әскери әрекеттерін тоқтатуды талап ететін қарары қабылданған болатын.

Қарардың заңдық күші болмаса да, ол Өкілдер палатасы мен Сенаттағы бірқатар республикашыл заң шығарушылардың соғысқа, сондай-ақ Трамптың Иранмен қақтығысты тоқтатуға бағытталған келісіміне қатысты алаңдаушылығының күшейгенін көрсетеді.

Іздеу
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Әзербайжанда кездесу өткізді
Грек соты төрт түрікті соттады
Иран: «Ливандағы қақтығысты тоқтату талпыныстары ілгерілеуде»
Сирия президенті елінің Ливанға қатысты жаңа көзқарасын түсіндірді
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
Зеленский Ресейдің ауқымды шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады