ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Нью-Йорктегі Таймс-скверде қанды шабуыл жасалды
Ауруханаға жеткізілген зардап шеккендердің бірі көз жұмды, екіншісінің емі жалғасып жатыр.
Нью-Йорктегі Таймс-скверде қанды шабуыл жасалды
АҚШ-та Таймс алаңында 2 адамды пышақтаған шабуылшыны полиция атып өлтірді

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Таймс-скверде бір әйелді пышақтап өлтіріп, бір ер адамды жаралаған әйел полицияның оғынан қаза тапты.

Нью-Йорк полициясының комиссары Джессика Тиштің журналистерге берген мәліметіне сәйкес, 49 жастағы әйел Таймс-скверде сауда сөмкесінен екі пышақпен айналадағы адамдарға шабуыл жасаған.

Шабуыл жасаған әйел алдымен метро станциясынан шыққан 68 жастағы ер адамды, артынша 32 жастағы әйелді іш тұсынан пышақтаған.

Ауруханаға жеткізілген әйел алған жарақаттарынан көз жұмды, ал ер адамның емі жалғасып жатыр.

Куәгерлер түсірген бейнежазбалардан әйелді кемінде 10 полиция қызметкері қоршап алғанын көруге болады. Ол қолындағы пышақтарды тастаудан бас тартып, тәртіп сақшыларына қоқан-лоқы көрсеткен.

Электрошокер қолданылғанына қарамастан тоқтамаған әйел пышақ ұстап полиция қызметкерлеріне қарай ұмтылған. Осы кезде екі полиция қызметкері оқ атып, оны жаралаған.

Оқиға орнында қолына кісен салынып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген әйел ауруханаға жеткізілгенімен, кейін сол жерде көз жұмды.

Билік өкілдері оқиғаның терроризммен байланысын көрсететін ешқандай дәлел табылмағанын және тергеу басталғанын мәлімдеді.

Іздеу
Қазақстанда Құрылтай сайлауынан кейін үкімет таратылды
Өзбекстанда Тәуелсіздік мерекесіне орай рақымшылық жарияланды
Түркияның экспорты  25,6 миллиард долларды құрады
АҚШ президенті Трамп: «Ресей НАТО территориясына шабуыл жасамайды»
Газада азық-түлік тапшылығы ушығып барады
АҚШ президенті Трамп: «Иран — күйреп жатқан ел»
Израиль күштері Сирияға артиллериялық соққы жасады
Түркия және Қазақстан президенттері сөйлесті
Иран мен Катар сыртқы істер министрлері кездесті
Ресей Ұлыбританияның әскери базаларына соққы беруі мүмкін екенін ескертті
Ресей Украинамен бейбіт келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Ресей мұнайы Қазақстанда өңделеді
Түркия Қорғаныс министрлігі: «YPG-нің таратылуы — маңызды қадам»
Ресей румыниялық дипломатты «персона нон грата» деп жариялады
Малатияда «Алтын өрік» шахмат турнирі өтіп жатыр