Тверь облысының губернаторы Виталий Королев жазбаша мәлімдемесінде Ресейдің әуе қорғанысы жүйелері өңірге жасалған дрон шабуылын тойтарғанын хабарлады.
Оның айтуынша, атып түсірілген дрон сынықтары «Wildberries» логистикалық орталығының қасбетін зақымдаған. Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
ҰСЫНЫЛҒАН
Королев бұған дейін 4 тамызда өңірде атып түсірілген дронның бір бөлшегі Калинин ауданындағы «Wildberries» логистикалық орталығының қабырғасына тиіп, ғимараттың бүлінгенін мәлімдеген еді.
Соңғы уақытта Украина Ресейдің «Wildberries» компаниясына тиесілі қоймалар мен логистикалық нысандарға дрондармен шабуылдауда.

















