ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан: «Түркия мен Сирияның әл-ауқаты мен тұрақтылығын бір-бірінен бөлек қарау мүмкін емес. Бізді 900 шақырымнан асатын шекара ғана емес, ортақ тарих, ортақ мәдениет және ортақ болашақ байланыстырады», – деді.
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Сыртқы істер министрі Фидан Сирия Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесіп, бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

Фидан мәлімдемесінде былай деді: «Жүргізіп жатқан жұмыстарымыз Сириядағы тұрақтылықтың біртіндеп нығайып, елдер арасындағы ынтымақтастықтың тереңдеп келе жатқанын көрсетеді. Аллаға шүкір, бұл жағдай өңіріміз бен елдеріміздің болашағына үміт ұялатады».

«Біздің болашағымыз ортақ»

Фидан: «Сириядағы оң өзгерістер – өңір елдерінің ортақ жауапкершілігі мен бірлескен күш-жігерінің нәтижесі. Бұған дейін де атап өткеніміздей, Түркия мен Сирияның әл-ауқаты мен тұрақтылығын бір-бірінен бөлек қарау мүмкін емес. Бізді 900 шақырымнан астам шекара ғана емес, ортақ тарих, ортақ мәдениет және ортақ болашақ байланыстырады», – деді.

«Сириямен қарым-қатынасымызды арттырудамыз»

Министр Фидан: «Сириямен экономикалық байланыстарымызды жаңа талаптарқа сай дамытып келеміз. Екіжақты сауда көлемін арттыру мақсатында кедендік рәсімдерді жеңілдету, шекара өткелдерінің мүмкіндігін кеңейту, банк арналарын іске қосу және көлік инфрақұрылымдарын өзара үйлестіру – негізгі басымдықтарымыздың бірі. Мемлекеттік мекемелеріміз бен жеке сектор өкілдері Сирияны қайта қалпына келтіруге, энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға және көлік жүйесін жаңғыртуға үлес қосу үшін жұмыс істеп жатыр. Бұл бағытта өңірлік жобалар да маңызды рөл атқарады деп есептейміз. Мәселен Түркия, Сирия, Иордания және Сауд Арабиясы арасында қолға алынған автомобиль және теміржол қатынасын дамыту бастамасын айтуға болады. Бұл – аса маңызды стратегиялық жоба. Оны барынша қысқа мерзімде іске асыру үшін жұмысты бастап кеттік және басшыларымыз қабылдаған шешімге сәйкес жалғастырамыз», – деді.

Іздеу
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Сыртқы істер министрі Фидан Иерусалим мәселесіне арналған министрлер кездесуіне қатысады
Иран президенті: «Территория тұтастығымызды қорғаймыз, бірақ соғысты кеңейтуге ниетті емеспіз»
Жоғары әскери кеңес жиналады
Президент Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік барлау қызметінің басшысы  ХАМАС көшбасшысымен кездесті
Түркия, Мысыр және Катар Израильдің Газадағы әрекеттерін қатаң айыптады
Украина дрондары түні бойы Ресейге шабуылдады
Нетаньяху атысты тоқтатудан бас тартты
Министр Фидан шетелдік әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік әуе жолдары рекорд жаңартты
Түркияда қорғаныс және авиация саласының экспорты 1,12 млрд долларға жетті