Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған заң жобасын әзірлеуге және оны аяқтауға үлес қосқан саяси партияларға, парламенттік фракцияларға және депутаттарға алғыс білдірді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне ұсынылған «Ұлттық ынтымақ пен қоғамдық бірлікті нығайту туралы» заң жобасына қатысты «Түркияны лаңкестік қаупінен түбегейлі арылтуды, ұлттық бірлік пен ынтымақты нығайтуды, елімізде және өңірімізде бейбітшілік ахуалын күшейтуді көздейтін бұл қадамның игілікке бастау болуын тілеймін», – деді.
Президент Ердоған заң жобасына қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды: «Жан-жақты консультация нәтижесінде әзірленген «Ұлттық ынтымақ пен қоғамдық бірлікті нығайту туралы» заң жобасы бүгін ардақты халқымыздың мәселені шешуге деген ерік-жігерін көрсететін кең ауқымды келісім негізінде Ұлы Ұлттық Мәжілістің қарауына ұсынылды.
Елімізде лаңкестік қаупін біржола жою, ұлттық бірлік пен ынтымағымызды нығайту, елімізде және өңірімізде бейбітшілік ахуалын күшейтуді мақсат ететін бұл қадамның игілікке бастау болуын тілеймін.
Заң жобасының әзірленуіне және осы үдерістің табысты жүзеге асуына үлес қосқан, ең алдымен, Республика альянсындағы серіктесіміз – Ұлтшыл қозғалыс партиясының төрағасы Девлет Бахчелиге, сондай-ақ саяси партиялардың парламенттік фракциялары мен депутаттарына алғысымды білдіремін».



















