Түркия бейсенбі күні Орду жағалауы маңынан АҚШ-та жасалған ұшқышсыз суасты аппараты табылғаннан кейін жалғасып жатқан Ресей–Украина соғысының Қаратеңізде туғызған қауіптерін «жіті» бақылап отырғанын мәлімдеді.
Ұлттық қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, контр-адмирал Зеки Актүрк: «2026 жылғы 21 наурызда Орду қаласының Үнье ауданы жағалауында қозғалтқышының істен шығуы салдарынан ағыспен жағаға қарай ығысқан деп бағаланған, АҚШ-та жасалған ұшқышсыз теңіз аппараты Суасты қорғаныс тобы (SAS) қолбасшылығының бөлімшелері тарапынан қауіпсіз түрде жойылды», - деді.
Актүрк: «Ресей мен Украина арасында жалғасып жатқан соғыста кеңінен қолданылып отырған ұшқышсыз теңіз аппараттары мен ұшқышсыз әуе аппараттарының бақылаудан шығуы немесе қозғалу қабілетін жоғалтуы салдарынан Қаратеңізде туындаған қауіп жіті қадағаланып отыр», - деді.
Осындай жағдайда сақ болу қажет екенін ескерткен Актүрк ең алдымен балықшылар мен теңізшілерді қоса алғанда барлық азаматтарды барынша мұқият болуға шақырды. Ол күмәнді зат немесе жағалауға шығып қалған ұшқышсыз теңіз/әуе аппараты байқалған жағдайда қауіпсіздік органдарына хабар берудің мабаса айтты.
Актүрк НАТО өкілдерінің аймақта соңғы кезде болған оқиғаларға байланысты «НАТО-ның Ирактағы миссиясын» тоқтату туралы шешім қабылдағанын да айтты. Оның айтуынша, Түрік Қарулы күштері қызметкерлерін эвакуациялау «сәтті түрде» жүзеге асырылған.
«НАТО жүзеге асырып отырған шығарылу жоспары аясында одақтас елдер персоналын эвакуациялау жұмыстарына да еліміз тарапынан қолдау көрсетілді», - деген Актүрк Түрік Қарулы күштерінің бейбітшілікті орнықтыру мен тұрақтылықты сақтауға үлес қосуды жалғастырып жатқанын білдірді.


















