25 Наурыз 2026
Түркия Президенттік аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының «NSosyal» әлеуметтік медиа платформасында жариялаған мәлімдемесіне қарағанда, екі ел басшысы Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты саралап, өзекті халықаралық тақырыптар төңірегінде пікір алмасты.
Ердоған Анкараның Астанамен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін растап, байланыстарды жоғары деңгейге көтеру бағытындағы жұмыстардың жалғасып жатқанын және алдағы кезеңде қосымша қадам басылатынын атап өтті.
Сонымен қатар Президент Қазақстанда өткен соңғы референдум нәтижелерінің қайырлы болуын тілеп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Ораза айт және Наурыз мерекелерімен құттықтады.














