Анкараның «2026 жылғы Түркі әлемінің туризм астанасы» болып жариялануына орай ұйымдастырылатын Түркі әлемі гастрономиялық саммитінде Түркиямен қатар Әзербайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Татарстан, Қырым татарлары және Ұйғыр асханаларының дәстүрлі дәмдері қонақтарға тарту етіледі.
Халықаралық туризм және саяхат көрмесі аясында ертең Түркі әлемі гастрономиялық саммиті де өтеді.
Ертең басталып, 21 қарашада аяқталатын іс-шарада Түркиямен бірге Әзербайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Татарстан, Қырым татарлары және Ұйғыр асханаларының ұлттық тағамдары таныстырылады.
Іс-шара арқылы түркі әлемінің дәстүрлі ас мәзірі рецептілерін сақтау, оларды келер ұрпаққа жеткізу және елдер арасындағы гастрономиялық туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр.
Бағдарламаның алғашқы күні «Ортақ мұра, ортақ дастарқан» тақырыбымен өтеді. Саммитте ертең Түркиядан жасымық сорпасы, Өзбекстаннан өзбек палауы, Қырым татарлары асханасынан чибөрек, Әзербайжаннан шекербура мен райхан шәрбаты ұсынылады. Сондай-ақ аспаздардың шеберлік сабақтарында Әзербайжанның гүрзе тағамы мен Татарстанның чак-чак тәттісі әзірленеді.
Саммиттің екінші күні «Жібек жолының дәмдері» тақырыбы аясында Өзбекстаннан машхурда сорпасы мен самса, Түрікменстаннан түрікмен палауы, Татарстаннан чак-чак және Түркиядан айран тарту етіледі. Қазақстанның бешбармағы мен Қырғызстанның орама тағамдары да тәжірибелік көрсетілімдер арқылы таныстырылады.
Соңғы күні «Дәстүрден болашаққа түркі әлемі асханасы» тақырыбы қамтылады. Түрікменстаннан унаш сорпасы, Әзербайжаннан шах палауы мен көк қутаб, Түркиядан ұн халвасы мен тамаринд шәрбаты ұсынылады. Аспаздар көрсетілімінде ұйғыр лағманы мен Татарстанның үшбұрыш (эчпочмак) тағамы көпшілікке паш етіледі.
Осыған орай Түркияда оңай табыла бермейтін және тағамдардың өзіндік ерекшелігін құрайтын кейбір арнайы ингредиенттер тікелей сол елдердің өзінен алдырылды.
Саммит аясында сондай-ақ аспаздардың 6 шеберлік дәрісі, қатысушыларға арналған 6 тәжірибелік сабақ, 9 сұхбат және 9 байқау ұйымдастырылады.






















