ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді
Ливан Денсаулық сақтау министрлігі елдің оңтүстігінде Израиль күштерінің шабуылынан 14 адамның қаза тапқанын хабарлады. Араларында екі әйел мен екі бала бар.
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді / AA

Министрлік Хезболла мен Израиль арасындағы бітімге қарамастан, елдің оңтүстігіне жасалған шабуылдарда 14 адамның көз жұмғанын мәлімдеді. Сондай-ақ қаза тапқандардың ішінде екі әйел мен екі баланың бар екенін растап, 37 адамның жараланғанын жеткізді.

Ливанның мемлекеттік ақпарат агенттігі Израиль армиясының оңтүстіктегі Ярун және Бинт Джубейль елді мекендерінің арасындағы үйлер мен инфрақұрылымды нысанаға алып, қиратқанын хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Израиль күштері Сур аймағындағы Бурдж Каллавие елді мекеніне әуе соққысын жасап, сол өңірдегі Мансури және Бейт ас-Сейид елді мекендерін атқылаған. Сондай-ақ Израиль Арнун елді мекенін және Али әт-Тахир орман алқабын нысанаға алды.

Израильдің әскери ұшақтары сол аймақтағы Завтар әл-Шаркия елді мекеніне де әуе шабуылдарын жасап, бір мешіт пен діни іс-шараларға арналған залды қиратқан.

Агенттік дерегіне сәйкес, Израиль күштері Бейт Яхун елді мекенін нысанаға алып, Бурдж Каллавиеге үш, Кафра елді мекеніне бір және Жубаль әл-Бутым мен Садыкин арасындағы аймаққа бір әуе соққысын жасаған.

Израильдің заңбұзушылықтары жалғасуда

Хезболла келісімді бұзғандарына үшін Израильге шабуылдағанын мәлімдеді.

17 сәуірде күшіне енген 10 күндік бітім үш аптаға ұзартылғанына қарамастан, Хезболла: «Израильдің бітімді бұзуды, шабуыл жасауды, үйлерді қиратуды және Ливан аумағын басып алуды жалғастыруына жауап берілетінін мәлімдейміз», - деді.

Ұйымның мәліметінше, Израиль 17 сәуірден бері бітімді 500 рет бұзған.

Хезболла «Бітімнің апта сайын ұзартылуы бейбітшілікке жол ашуы тиіс еді», - деп мәлімдеп, керісінше Израильдің шабуылдарының күшейгенін атап өтті.

Ал Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі қақтығыстарда бір сарбаздың қаза тауып, алты сарбаздың жараланғанын хабарлады.

Израиль 2 наурызда Ливанға әуеден соққы беріп, құрлық операциясын бастаған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливан аумағына басып кіруді жоспарлап отыр

Ливан билігінің мәліметінше, Израиль шабуылдарынан 2 500-ден астам адам қаза тауып, 1 миллионнан астам адам босқынға айналған.

Іздеу
Израиль танымал ливандық журналист Амаль Халильді өлтірді
Түркия мен Германия президенттері телефон арқылы сөйлесті
Түркия Қаржы министрі жаһандық экономикадағы тәуекелдер туралы ескертті
“Түркияда авиациялық отын тапшылығы жоқ”
НАТО Бас хатшысы Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін жоғары бағалады
2025 жылы Еуропа Одағындағы мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен
Филиппинде болған алапат өрт жүздеген үйді күлге айналдырды
Президент Ердоған Жаңа Зеландияның Бас губернаторы Синди Кироны қабылдады
Израиль Ливанның оңтүстігінде бір мектепті бомбалады
Түркия Керкүк қаласына түрікмен губернатордың тағайындалуын тарихи қадам ретінде бағалады
Ресей Ливанға 27 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Мажарстанның жаңа премьер-министрі Нетаньяхуды қамауға алатынын айтты
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Израильді айыптады
АҚШ Оман шығанағында Иранның жүк кемесін басып алды
Израиль Газада үш адамды өлтірді