ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Бекасидегі теміржол өткелінде болған апат салдарынан қала маңына қатынайтын пойыз бен қарсы бағыттағы алыс қашықтыққа арналған пойыз соқтығысты, қайғылы оқиғадан ондаған адам жарақат алды.
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты / Reuters

Индонезияның Батыс Ява уәлаятындағы Бекаси қаласында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан қаза тапқандар саны 14-ке, ал жараланғандар саны 84-ке жетті. Мемлекеттік БАҚ бұл оқиғаның соңғы жылдардағы ең ірі теміржол апаттарының бірі болғанын хабарлады.

“Antara” ақпарат агенттігінің мәліметінше, апат дүйсенбі күні кешке Шығыс Бекаси станциясында қала маңына қатынайтын пойыздың алыс қашықтыққа арналған пойызбен соқтығысуы нәтижесінде болған. Мемлекеттік «PT Kereta Api Indonesia» (KAI) теміржол кәсіпорнының өкілдері жарақат алған ондаған жолаушының түрлі ауруханаларда емделіп жатқанын хабарлады.

“Jakarta Globe” басылымының жазуынша, “КAI” баспасөз хатшысы Франот Вибово оқиға Бекасидегі Булак Капал теміржол өткелінде таксидің электрлі пойызбен соқтығысуынан басталғанын айтты. Соқтығысудан кейін қала маңына қатынайтын пойыз рельс үстінде тоқтап қалған, көп ұзамай дәл сол жолмен келе жатқан алыс қашықтыққа арналған пойыз тоқтап тұрған пойызға соғылған.

Ұлттық іздестіру және құтқару агенттігі (Basarnas) бастаған шұғыл әрекет ету топтары түні бойы зардап шеккендерді эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Билік қаза тапқандардың жеке басын анықтау үшін мәйіттерді полиция ауруханасына жеткізді. Мемлекет зардап шеккендердің барлық медициналық және жерлеу шығындарын өз мойнына алатынын, сондай-ақ отбасыларға көмектесу үшін ақпараттық орталықтар құрылғанын мәлімдеді.

Апат болған аймақта пойыз қозғалысы ішінара шектелген. Тергеу топтары соқтығысудың егжей-тегжейін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр, ал транспорт қызметкерлері үйінділерді тазарту және құтқару операцияларының жалғасып жатқанын хабарлады.

Іздеу
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Түркия мен Ұлыбритания жаңа келісімге қол қойды
Президент Ердоған: «Балалар соғыстың зардабын шекпеуі тиіс»
Түркия 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салады
АҚШ Түркияны "F-35" бағдарламасына қайта оралуға шақырды
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысты жаңа мәлімдеме жасалды
Израиль танымал ливандық журналист Амаль Халильді өлтірді
Түркия мен Германия президенттері телефон арқылы сөйлесті
Түркия Қаржы министрі жаһандық экономикадағы тәуекелдер туралы ескертті
“Түркияда авиациялық отын тапшылығы жоқ”
Сыртқы істер министрі Фидан Ұлыбританияға екі күндік ресми сапармен барады
НАТО Бас хатшысы Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін жоғары бағалады
2025 жылы Еуропа Одағындағы мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен
Филиппинде болған алапат өрт жүздеген үйді күлге айналдырды
Президент Ердоған Жаңа Зеландияның Бас губернаторы Синди Кироны қабылдады