ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Ливан мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұзартылған атысты тоқтату келісімін бұзған Израиль елдің оңтүстігінде әуе шабуылдарын жүзеге асырған.
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді / Reuters

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Израиль атысты тоқтату режимін тағы да бұзып, төрт адамды өлтірген. Олардың бірі – әйел. Сондай-ақ  51 адамды жаралаған. Араларында үш бала бар.

Ливан ұлттық ақпарат агенттігінің дерегінше, Израильдің әскери ұшақтары Тир аймағындағы Маждаль Зун елді мекенін нысанаға алған. Сонымен қатар агенттік Израиль армиясының Ханинде үйлерді қиратқанын және Шихинде тағы бір ірі жарылыс жасағанын хабарлады. Әуе шабуылдары Хадата, Браашит және Харис елді мекендерін де қамтыған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливанға шабуылдады

Үлкен күнә

Ливан президенті Жозеф Аун: «Мақсатым – 1948 жылғы Араб-Израиль соғысынан кейін 1949 жылы қол қойылған бітім келісіміне ұқсас түрде Израильмен соғыс жағдайын тоқтату. Құқықтарымыз тапталатын келісімге ешқашан келіспеймін», – деп мәлімдеді. Бұған дейін Хезболла жетекшісі Ливанды қатаң сынға алып, Израильмен тікелей келіссөздерді «үлкен күнә» деп атаған болатын.

Хезболла басшысы Наим Кассем өз мәлімдемесінде «Біз Израильмен тікелей келіссөздерді мүлде қаламаймыз, ал биліктегілердің әрекеттері Ливанға да, өздеріне де пайда әкелмейді», – деді. Сондай-ақ ол билік өкілдерін Ливанды тұрақсыздық тұңғиығына итермелейтін үлкен күнәларынан бас тартуға шақырды.

Бітім шартын бұзу әрекеттері

Израиль 2 наурыздан бері Ливанда 2 520-дан астам адамды өлтіріп, 7 800-ден астамын жаралаған.

17 сәуірде Ливан мен Израиль арасында 10 күндік атысты тоқтату келісім жарияланғанымен, Тель-Авив бұл келісімді бірнеше рет бұзды.

Бейсенбі күні Дональд Трамп тараптар арасында Вашингтонда өткен келіссөздердің екінші кезеңінен кейін Ливан мен Израильдің атысты тоқтату мерзімін үш аптаға ұзартуға келіскенін мәлімдеді.

Хезболла Израильдің атысты тоқтату режимін қайта-қайта бұзғанын айтып, Ливанның оңтүстігі мен Израильдің солтүстігінде орналасқан израильдік әскери күштерге қарсы бірқатар қарымта шабуыл жасады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді
Іздеу
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Түркия мен Ұлыбритания жаңа келісімге қол қойды
Президент Ердоған: «Балалар соғыстың зардабын шекпеуі тиіс»
Түркия 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салады
АҚШ Түркияны "F-35" бағдарламасына қайта оралуға шақырды
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысты жаңа мәлімдеме жасалды
Израиль танымал ливандық журналист Амаль Халильді өлтірді
Түркия мен Германия президенттері телефон арқылы сөйлесті
Түркия Қаржы министрі жаһандық экономикадағы тәуекелдер туралы ескертті
“Түркияда авиациялық отын тапшылығы жоқ”
Сыртқы істер министрі Фидан Ұлыбританияға екі күндік ресми сапармен барады
НАТО Бас хатшысы Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін жоғары бағалады
2025 жылы Еуропа Одағындағы мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен
Филиппинде болған алапат өрт жүздеген үйді күлге айналдырды
Президент Ердоған Жаңа Зеландияның Бас губернаторы Синди Кироны қабылдады