Президент Режеп Тайып Ердоған: «10 қазанда хоуситтер тарапынан Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайды нысанаға алған, 12 адамның өмірін қиып, 309 адамды жаралаған шабуылдарды қатал түрде айыптаймыз», — деді.
Ердоған Президенттік кешенде отырысы аяқталған Кабинет жиналысынан кейін халыққа арнап сөз сөйледі.
Түркия орналасқан аймақтағы қақтығыс ошақтарына күн сайын жаңалары қосылып жатқанына назар аударған Ердоған былай деп атап өтті: «Ливаннан Йеменге және Иранға дейінгі аралықта шиеленіс өсіп барады, әсіресе жанама күштер арқылы түрлі есептерді айқындап алу әрекеттері жасалуда. Түркия біраз уақыттан бері өзін қоршаған дағдарыс белдеуіне қарамастан, тұрақтылық аралы, сенім мен тыныштық мекені ретіндегі позициясын күн өткен сайын нығайта түсуде. Аймақтық жауапкершілік түсінігімен келіспеушіліктерді соғыс алаңында емес, келіссөз үстелінде диалог пен дипломатия арқылы шешуді жақтаймыз. Суверенитет пен аймақтық тұтастыққа өзара құрмет көрсету — біздің басты қағидамыз. Біздіңше бөліну мен бөлшектену тек аймағымызды қанды көлге айналдырғысы келетін зұлым күштердің мүддесіне қызмет етеді.
Осы орайда 10 қазанда хоуситтер тарапынан Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайды нысанаға алған, 12 адамның өмірін қиып, 309 адамды жаралаған шабуылдарды қатаң түрде айыптаймыз. Арасында умра зияратын атқарып жатқандар да бар қаза тапқан бауырларымызға Жаратқан Алладан рақым, жараланған бауырларымызға шипа тілейміз. Түркия құқыққа және адамгершілікке жатпайтын бұл шабуылдарға қарсы Сауд Арабиясы мен саудиялық бауырларының қасынан табылады».
Президент Ердоған сонымен қатар Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасында 7 тамызда қол қойылған Бірлескен қорғаныс келісімінің институционалдық инфрақұрылымын құру жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді.
























