ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Фестиваль алаңдарын аралап, қатысушылар және балалармен әңгімелескен Ердоған кейбір азаматтармен суретке түсті, балаларға ақша берді.
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Президент Ердоған "AileFest" фестиваліне барды

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған «Отбасы және халық саны онжылдығы» аясында Рами кітапханасында ұйымдастырылған “AileFest” фестиваліне барды.

Президент Ердоған Түркия Еріктілер Ұйымдары Қорының (TGTV) Мәдениет және туризм министрлігі, Ұлттық білім министрлігі, Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігі мен Стамбул уәлаяты әкімдігінің қолдауымен өткізген бағдарламасына қатысты.

Фестиваль алаңдарын аралап, қатысушылар және балалармен әңгімелескен Ердоған кейбір азаматтармен суретке түсті, балаларға ақша берді.

Шараға қатысты жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет алған Ердоғанға Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой ақын Исмаил Хакқы Бурсеви жазған Құран Кәрім тәпсірін сыйға тартты.

Бағдарламада АК Партияның фракция төрағасының орынбасары Бахадыр Енишехирлиоглу, Президенттік Коммуникация басқармасының төрағасы Бурханеттин Дуран, Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Джошкун Йылмаз, Стамбул әкімі Давут Гүл мен АК Партия Стамбул уәлаяттық ұйымының төрағасы Абдуллах Өздемир де орын алды.

26 қыркүйекте басталған “AileFest” ертең аяқталады.

Іздеу
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"