Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) мен Түркияның Қауіпсіздік бас басқармасының ынтымақтастығы аясында Эфиопияда 20 полиция қызметкеріне киберқылмыспен күрес бойынша оқыту жүргізілді.
TİKA-ның жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, Халықаралық полиция даярлау саласындағы ынтымақтастық жобасы аясында Эфиопияда ұйымдастырылған бес күндік оқу бағдарламасы аяқталды.
Бағдарлама барысында киберқылмыспен күреске қатысты заңнама, қылмыстық санкциялар, қылмыс түрлері және оларды жасау тәсілдері қарастырылды.
20 полиция қызметкеріне тергеу барысында ақпарат пен құжаттарды алу, сондай-ақ тергеу әдістері бойынша нақты мысалдар негізінде білім берілді.
Жоба аясында өткен жылы Эфиопияда 21 полиция қызметкері желілік технологиялардың негіздері бойынша, ал Түркияда 12 полиция қызметкері цифрлық криминалистикалық бейнелеу бойынша оқытылған болатын.
TİKA-ның Аддис-Абебадағы Бағдарламаларды үйлестіру кеңсесі 2005 жылдан бері Эфиопияда білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және су салаларында 450-ге жуық жобаны жүзеге асырды.





















