Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бейсенбі күні Стамбулда Сомали президенті Хасан Шейх Мұхаммедпен кездесті. Екі көшбасшы екіжақты қатынастарды, сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелерді талқылады.
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы «Nsosyal» платформасында кездесудің Долмабахче Президенттік кеңсесінде өткенін хабарлады.
Ердоған Анкараның сауда мен энергетика салаларында Сомалимен қарым-қатынасты дамытуға бағытталған қадамдарды жалғастыратынын айтты. Сондай-ақ Түркияның «Чагры Бей» бұрғылау кемесінің Сомали жағалауында жұмысын бастауы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі екенін атап өтті.

Президент бұдан бөлек Анкараның Сомалидің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын қайталады және Сомали мен Эфиопия арасындағы келіспеушіліктерді толық шешуге бағытталған күш-жігерді қолдауды жалғастыратынын жеткізді.
Кездесуге Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын, Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран, Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесші Акиф Чагатай Кылыч және аға кеңесші Зафер Чубукчу қатысты.














