САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Бұл оқиға Иранның әуе кеңістігінің бұзылуына жауап ретінде Бахрейндегі АҚШ радарына шабуыл жасалғаны туралы мәлімдемеден кейін болды.
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Кешм аралы / Anadolu Agency (Wire)

АҚШ сейсенбі күні Ормуз бұғазында орналасқан Иранның оңтүстігіндегі Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады. Иранның жергілікті билік өкілі шабуылдардың болғанын растады.

Иранның ресми «IRNA» ақпарат агенттігіне сұхбат берген Хормозган уәлаяты губернаторының орынбасары Ахмед Нафиси: «АҚШ-тың Кешм аралындағы бірқатар нысанға жасаған шабуылдары салдарынан тұрғын үйлерге, сауда орындарына және инфрақұрылымға зақым келген жоқ», – деді.

Нафиси сондай-ақ Кешм аралындағы жағдай бақылауда екенін, барлық құтқару қызметі мен атқарушы органның жоғары дайындық режиміне көшкенін мәлімдеді.

«IRNA» ақпарат агенттігі сейсенбі күні кешке Кешм аралында бес-алты мәрте жарылыс дыбысы естілгенін хабарлады.

Бұған дейін Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы Бахрейнде АҚШ басқаратын радиолокациялық жүйеге ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасағанын мәлімдеген еді.

Корпусқа қарасты «Sepah» ақпараттық сайты: «Бүгін таңертең Ислам революциясы сақшылар корпусының ұшқышсыз ұшу аппараттары Бахрейндегі Шейх Иса әуе базасында АҚШ күштері басқаратын радиолокациялық жүйеге дәл соққы жасады», – деп хабарлады.

Мәлімдемеде бұл шабуыл АҚШ-тың әскери ұшқышсыз ұшу аппараттарының Иранның әуе кеңістігін бірнеше рет бұзуына жауап ретінде жасалғаны айтылды.

Тегеран соңғы апталарда бұғазда бірнеше кеменің өртенгенін хабарлады. Иран тарапы оқиғалардың басым бөлігінде кемелердің теңіз миналарына соғылғанын мәлімдеді.

Иран қарулы күштері сейсенбі күні Ормуз бұғазынан өтуге әрекеттенген үш мұнай танкерінің теңіз миналарына соғылғанын хабарлады.

Ал АҚШ күштері бұған дейін бұғаздағы барлық негізгі кеме қатынасы бағытын миналардан тазартқанын мәлімдеген болатын.

АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы  өткен ай Парсы шығанағы елдеріне жаз айларынан бері Ормуз бұғазы арқылы 1,5 миллиард баррель мұнай экспорттауға көмектескенін хабарлады.

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр