Дональд Трамп Иранмен жасалған келісім мен жаһандық экономикаға қатысты мәлімдеме жасады.
Трамп Иранмен өте ауқымды келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Оның сөзінше, келісімнің мазмұны әзірге жарияланбаса да, бұл құжат Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейді.

Трамп: «Егер бұл келісім жасалмағанда, Ормуз бұғазы ашылмас еді», - деді.
Экономикалық мәселелерге тоқталған АҚШ президенті мұнай бағасының дағдарысқа дейінгі деңгейге жақындағанын және қор нарығының тұрақтана бастағанын мәлімдеді.
Ол бұл мәселенің бұрынғы президенттер Билл Клинтон, Барак Обама, Джо Байден және Джордж Буштың кезеңінде шешілуі керек болғанын айтып, бұрынғы әкімшіліктерді сынға алды.
Трамп Иранның әскери әлеуетіне ауыр соққы берілгенін алға тартып, аймақтан 22 кеменің шығарылғанын және мұнай бағасының күрт қымбаттауына жол берілмегенін мәлімдеді.
Сондай-ақ ол АҚШ-тың Иранға 350 миллиард доллар инвестиция салатыны туралы ақпаратты жоққа шығарып, мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

















