ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Индонезия сауда айналымын 10 миллиард долларға жеткізуді көздейді
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан: «Екі ел президенті белгілеген 10 миллиард долларлық сауда айналымы мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жобаларды жан-жақты талқыладық», - деді.
Түркия мен Индонезия сауда айналымын 10 миллиард долларға жеткізуді көздейді
Сыртқы істер министрі Фидан Индонезияда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сингапурға жасаған сапарынан кейін стратегиялық серіктес Индонезиядағы кездесулеріне қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Индонезия президенті Прабово Субиантоның қабылдауында болған және Сыртқы істер министрі Сугиономен кездескен Фидан келіссөз барысында көпқырлы мәселелердің талқыланғанын әрі екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұстанымның расталғанын хабарлажы.

Келіссөздердің мазмұны туралы ақпарат берген Фидан былай деді:

«Сингапур сапарымыздан кейін бүгін стратегиялық серіктесіміз Индонезияда өткізген кездесулеріміз күн тәртібіндегі көпқырлы мәселелерді шешу тұрғысынан өте нәтижелі болды. Индонезия президенті Прабово Субиантоның қабылдауында және Сыртқы істер министрі Сугиономен өткен кездесуімізде қорғаныс өнеркәсібінен энергетика мен көлік саласына, жасанды интеллекттен халал тағам индустриясына дейінгі кең ауқымдағы ынтымақтастығымызды және алдағы шараларды талқыладық».

Фиданның айтуынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Индонезия президенті Прабово Субианто белгілеген 10 миллиард долларлық сауда айналымы мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жобалар жан-жақты қарастырылған.

«Түркия мен Индонезия алдағы кезеңде нақты әрі тиімді нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жұмысты жалғастыруға дайын екенін көрсетті», – деді ол.

Келіссөз барысында Таяу Шығыстағы оқиғалар мен Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі стратегиялық тепе-теңдік мәселелері басты назарда болып, өңірлік және жаһандық тақырыптар бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.

Фидан Палестина мәселесі бойынша екі елдің тығыз үйлестіруі алдағы уақытта да сол табандылықпен жалғасатынын білдірді.

«Екі бауырлас ел ретінде ортақ құндылықтарымыз бен мақсаттарымыз негізінде қарқынды ынтымақтастығымызды жалғастырамыз», – деді министр.

Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі  Индонезияда
Түркия ұлттық құрамасы АҚШ-та
Түркия Сыртқы істер министрі Индонезияға ресми сапармен барады
Әлем чемпионатына қатысатын Түркия құрамасының футболшылары белгілі болды
Түркияның ақпарат және байланыс саласы дамуда
АҚШ-тың Айова штатында қарулы шабуылдан жеті адам қаза тапты
Иран өз кемесіне жасалған шабуылға жауап бергенін мәлімдеді
Ердоған: «Түркия шекараларды қантөгіс арқылы қайта айқындауға ұмтылғандарға жол бермейді»
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Калын Анкарада ХАМАС делегациясымен кездесті
НАТО Анкара саммитінен нақты нәтиже күтеді
Әзербайжаннан Түркияға 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізу туралы келісімге қол қойылды
Министр Фидан ирандық әріптесі Аракчимен сөйлесті
Түркия Израильдің Ливандағы оккупациясын кеңейтуіне қатаң наразылық білдірді
Израильдің қоқан-лоқысы Бейрутта жаппай эвакуацияға себеп болды
Мажарстан премьер-министрі мемлекет басшысын қызметінен босатуға ниетті