Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Израильдің агрессивті саясаты айыпталып, «Израильдің Ливандағы оккупациясын кеңейтуін қатаң түрде айыптаймыз. Нетаньяху үкіметінің Газадағыдай Ливанда да басып алған аумақтарды өмір сүруге жарамсыз жағдайға келтіріп, ливандықтарды тұрақты қоныс аударуға мәжбүрлеуді мақсат етіп отырғаны байқалады» - делінген.
Мәлімдемеде Израильдің өңірдегі іс-әрекеттері гуманитарлық дағдарысты одан әрі ушықтырып отырғаны айтылды.
Сондай-ақ құжатта: «Израильдің Ливандағы оккупациясын кеңейтуін қатаң түрде айыптаймыз. Нетаньяху үкіметінің Газадағыдай Ливанда да басып алған аумақтарды өмір сүруге жарамсыз етіп, ливандықтарды тұрақты көшуге мәжбүрлеуді көздеп отырғаны байқалады. Израиль жүргізіп отырған экспансионистік және агрессивті саясатымен өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа бағытталған күш-жігерге қауіп төндіріп, гуманитарлық жағдайды одан әрі ауырлатуда. Израильдің Ливандағы шабуылдары мен оккупациясын тоқтату үшін халықаралық қауымдастық, ең алдымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі еш кідіріссіз нақты қадам басуы қажет», - делінген.




















