Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Азия-Тынық мұхиты аймағына жасаған туры аясында Индонезияға барды.
Фиданды астана Джакартада индонезиялық әріптесі Сугионо қарсы алды.
Фидан жоғары лауазымды тұлғалармен өткізетін кездесулерінде екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, сауда және қорғаныс байланыстарын нығайту, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылау тақырыптарын сөз етеді.
Тарихи байланыстарды тереңдету
Түркия Индонезияның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған елдердің қатарына жатады.
Дипломатиялық қарым-қатынастар 1950 жылы орнап, Түркияның Джакартадағы елшілігі 1957 жылы ашылды.
Түркия мен Индонезия арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі 2022 жылы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның G-20 көшбасшылар саммитіне байланысты Балиге жасаған сапары барысында құрылған болатын.






















