ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ Оман шығанағында Иранның жүк кемесін басып алды
Иран: «Тегеран ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін қорғау, ирандықтардың құқықтары мен ар-намысын сақтау үшін барлық мүмкіндікті пайдаланады», - деп мәлімдеді.
АҚШ Оман шығанағында Иранның жүк кемесін басып алды
АҚШ Оман шығанағында Иранның жүк кемесін басып алды. / Reuters

Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ күштерінің Иран порттарына қойылған блокаданы бұзуға әрекет жасады делінген жүк кемесін басып алуын айыптады.

Министрлік сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде: «Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың “террористік армиясының” жексенбі күні Иранның “Touska” сауда кемесіне қарсы жасаған заңсыз әрі күш қолданылған шабуылын қатаң айыптайды», — деді.

Мәлімдемеде бұл оқиға «теңіз қарақшылығы мен террорлық әрекеттің бір түрі» деп сипатталып, оның халықаралық құқықты, сондай-ақ 7 сәуірде басталған АҚШ-пен екі апталық бітімді бұзғаны айтылды.

Министрлік Иран туы тағылған кемемен бірге оның экипажын және отбасы мүшелерін де босатуды талап етті.

Мәлімдемеде: «Иран Ислам Республикасы ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін қорғау және ирандықтардың құқықтары мен ар-намысын сақтау үшін барлық мүмкіндігін пайдаланатыны сөзсіз», - делініп, «шиеленістің одан әрі ушығуы» үшін жауапкершілік АҚШ-қа жүктелетіні атап өтілді.

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) жексенбі күні АҚШ әскери-теңіз күштерінің блокада нұсқауларына бағынудан бас тартты делінген Иран туы тағылған Touska жүк кемесін Оман шығанағында басып алғанын хабарлаған еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Трамп: “Иранның байытылған уран қорын қалпына келтіруі ұзақ әрі қиын болады”
Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі мен Сирия президенті кездесті
Сирия армиясы Касрак әуе базасының бақылауын өз қолына алды
“Еуропада авиациялық отын қоры таусылып барады”
Иранмен байланысты кемелер Парсы шығанағына кіру үшін жаңа бағыт таңдады
«FIFA» президенті Иранның Әлем чемпионатына «міндетті түрде» қатысатынын айтты
Таяу Шығыстағы соғыс энергия секторына 58 млрд доллар шығын әкелуі мүмкін
Дүниежүзілік банк Стамбулдағы Солтүстік теміржол өткелі жобасын қаржыландырмақ
Түркиядан Иранға гуманитарлық көмек жеткізілмек
Си Цзиньпин Бейжіңде Сергей Лавровпен кездесті
Мелони: «Италия Израильмен қорғаныс келісімін уақытша тоқтатады»
Иран бес араб елін «халықаралық міндеттемелерді бұзды» деп айыптады
Израиль Оңтүстік Ливанға басып кірмек
“АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде елеулі ілгерілеу бар”
Еуропалық Одақ энергия бағасын бірлесе реттеу қажеттігін мәлімдеді
Хакан Фидан ресейлік және саудиялық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті