Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Оман Сыртқы істер министрі Бадр бин Хамад әл-Бусаиди және Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бин Фарханмен өңірлік мәселелерді талқылады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми “Telegram” арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, Аббас Аракчи Бадр бин Хамад әл-Бусаиди және Фейсал бин Фарханмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында өңірлік мәселелермен қатар екіжақты қарым-қатынастар да қарастырылған.
Тараптар Израиль мен АҚШ-тың 28 ақпанда Иранға қарсы бастаған шабуылдарынан кейін Ормуз бұғазына қатысты ынтымақтастық пен дипломатияның маңыздылығына ерекше назар аударды.























