Дмитрий Песков Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің күн тәртібіндегі бірқатар мәселеге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Калластың Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу және Мәскеуге қысымды күшейту туралы мәлімдемесіне пікір білдірген Песков: «Ресей белгіленген мақсаттарға жету үшін Киев билігіне қысымды арттыруды жалғастырады», – деді.
Песковтың айтуынша, Ресей Қарулы күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимов Ресей президенті Владимир Путинге Украинаның астанасы Киевке және басқа да елді мекендердегі нысандарға жасалған ауқымды шабуылдардың нәтижелері туралы баяндаған.
Дмитрий Песков шабуылдардың тек әскери немесе әскери мақсаттағы нысандарға бағытталғанын айтып, Еуропаның болса Ресеймен арадағы шиеленісті ушықтырып отырғанын мәлімдеді.
Ол сондай-ақ Еуропалық Одақтың «милитаризация» және Ресеймен текетірес жолына түскенін, ал Мәскеу мұндай үрдістерді елемей қала алмайтынын атап өтті.
Бұған дейін Украина Әуе күштерінің қолбасшылығы Ресей армиясы бүгін Украинаға 74 зымыран және 496 қаруландырылған ұшқышсыз ұшу аппаратымен шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.





















