САЯСАТ
1 ... минут оқылды
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Израильді айыптады
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі шабуылға байланысты жедел тергеу жүргізуді және кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Израильді айыптады
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Израильді айыптады / Reuters

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Ливанда қызмет атқарып жүрген бітімгер күштерге жасалған шабуылды  қатаң айыптады. Бұл шабуылда бір адам қаза тауып, үш адам жараланған болатын.

Кеңес мүшелері дүйсенбі күні БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштеріне қолдау білдіретіндерін қайталап, барлық тарапты халықаралық құқыққа сай БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері қызметкерлері мен нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, миссияның еркін қозғалысына жағдай жасау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырды. Сондай-ақ бітімгерлерді қауіп-қатерге ұшыратуы мүмкін әрі олардың міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерден бас тартуға үндеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ливандағы БҰҰ күштеріне шабуыл жасалды, бітімгер әскер қаза тапты

Қауіпсіздік Кеңесі: «Бітімгер әскерлер ешқашан шабуыл нысанасына айналмауы тиіс»,- деп мәлімдеді.

Кеңес сондай-ақ БҰҰ-дан шабуылды дереу тергеуді сұрап, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті.

Сенбі күні болған шабуылда бір француз әскері қаза тауып, үш әскер жараланды.

Тергеу жалғасуда

БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері сенбі күні оңтүстіктегі Гандурия ауылында өз бекеттерінің біріне мемлекеттік емес топ тарапынан жеңіл қарумен оқ атылғаннан кейін тергеу бастағанын хабарлады.

Хезболла бұл шабуылға қатысы барын жоққа шығарды. Сонымен қатар кейбір тараптардың БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштеріне қарсы Израиль шабуылдары кезінде үнсіз қалып, кінәні тез арада басқаларға жабуға тырысқанын атап өтті.

БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері алғаш рет 1978 жылы орналастырылған және 2024 жылды қоса алғанда, бірінен кейін бірі болған қақтығыстар барысында қызметін жалғастырып келеді. Осы уақыт аралығында олардың бекеттері бірнеше рет шабуылға ұшыраған.

Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі мен Сирия президенті кездесті
Сирия армиясы Касрак әуе базасының бақылауын өз қолына алды
“Еуропада авиациялық отын қоры таусылып барады”
Иранмен байланысты кемелер Парсы шығанағына кіру үшін жаңа бағыт таңдады
«FIFA» президенті Иранның Әлем чемпионатына «міндетті түрде» қатысатынын айтты
Таяу Шығыстағы соғыс энергия секторына 58 млрд доллар шығын әкелуі мүмкін
Дүниежүзілік банк Стамбулдағы Солтүстік теміржол өткелі жобасын қаржыландырмақ
Түркиядан Иранға гуманитарлық көмек жеткізілмек
Си Цзиньпин Бейжіңде Сергей Лавровпен кездесті
Мелони: «Италия Израильмен қорғаныс келісімін уақытша тоқтатады»
Иран бес араб елін «халықаралық міндеттемелерді бұзды» деп айыптады
Израиль Оңтүстік Ливанға басып кірмек
“АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде елеулі ілгерілеу бар”
Еуропалық Одақ энергия бағасын бірлесе реттеу қажеттігін мәлімдеді
Хакан Фидан ресейлік және саудиялық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті