ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«Хижаз теміржолы Ормуз бұғазына балама бағыт болмақ»
Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу Түркияның тарихи Хижаз теміржолын жаңғыртып, оны Оманға дейін ұзарту арқылы Ормуз бұғазына балама жаһандық сауда бағытын қалыптастыруды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.
«Хижаз теміржолы Ормуз бұғазына балама бағыт болмақ»
«Хижаз теміржолы Ормуз бұғазына балама бағыт болмақ» / AA

Сәрсенбі күні Анадолы агенттігіне берген сұқбатында ол бұл тарихи желіні туризмді дамыту және заманауи жүк тасымалын қамтамасыз ету мақсатында қайта жандандыру көзделіп отырғанын айтты.

Уралоглуның сөзінше, алғашқы кезеңде Түркияны Алеппомен байланыстырып, қолданыстағы Алеппо–Дамаск–Иордания теміржол желісін пайдалану және Сауд Арабиясы билігімен келіссөздерді жалғастыру жоспарланған. Басты мақсат – теміржол желісін Оманға дейін жеткізіп, мұхитқа шығу және Ормуз бұғазына стратегиялық балама бағыт қалыптастыру.

Министр сондай-ақ Ирактың Парсы шығанағынан Түркия шекарасына дейін созылатын 1200 шақырымдық «Даму жолы» жобасының жобалау кезеңі аяқталғанын растады.

Автомобиль жолдары, теміржолдар, энергетикалық және байланыс желілерін қамтитын бұл ауқымды дәліз Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Ирак және Түркияның қатысуымен халықаралық қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.

Министр құрылыс жұмыстары басталмас бұрын өңірдегі жағдайдың біршама тұрақтануын күтетіндерін айтты.

Орта дәліздің маңызды бөлігі саналатын Зангезур дәлізіне тоқталған министр Түркия аумағындағы 224 шақырымдық Карс–Ыгдыр–Аралык–Дилуджу теміржол желісі бойынша тендер аяқталып, жұмыстардың басталғанын хабарлады.

Әзербайжан тарапындағы құрылыс аяқталуға жақындаған кезде министрлік Армения аумағы арқылы өтетін Зангезур бағыты бойынша да үдерісті бақылауды жалғастыруда. Бұл жоба Түркияны түркі әлемі және Орталық Азиямен қысқа бағыт арқылы байланыстыруды көздейді.

Министр сондай-ақ Стамбулдағы теміржол жобасына тоқталып, Явуз Сұлтан Селим көпірі арқылы өтетін жаңа теміржол желісі жүк тасымалдау мүмкіндігін едәуір арттыратынын атап өтті.

Уралоглуның мәліметінше, жобаны Дүниежүзілік банкпен бірге алты халықаралық қаржы ұйымы қаржыландырады және алғашқы келісімдерге қол қойылған.

Министр Еуропа мен Азия арасындағы жүк және жолаушылар тасымалын шешу үшін 6,75 миллиард доллар көлеміндегі несиені пайдаланып, алдағы күндері тендерді бастайды. Сондай-ақ министр жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырғандарын айтты.

Іздеу
Ресей бақылауындағы Донецкте Украинаның шабуылынан жеті адам қаза тапты
Түркия Сыртқы істер министрі  Индонезияда
Түркия ұлттық құрамасы АҚШ-та
Түркия Сыртқы істер министрі Индонезияға ресми сапармен барады
Әлем чемпионатына қатысатын Түркия құрамасының футболшылары белгілі болды
Түркияның ақпарат және байланыс саласы дамуда
АҚШ-тың Айова штатында қарулы шабуылдан жеті адам қаза тапты
Иран өз кемесіне жасалған шабуылға жауап бергенін мәлімдеді
Ердоған: «Түркия шекараларды қантөгіс арқылы қайта айқындауға ұмтылғандарға жол бермейді»
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Калын Анкарада ХАМАС делегациясымен кездесті
НАТО Анкара саммитінен нақты нәтиже күтеді
Әзербайжаннан Түркияға 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізу туралы келісімге қол қойылды
Министр Фидан ирандық әріптесі Аракчимен сөйлесті
Түркия Израильдің Ливандағы оккупациясын кеңейтуіне қатаң наразылық білдірді
Израильдің қоқан-лоқысы Бейрутта жаппай эвакуацияға себеп болды