САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Ликуд партиясы өзінің соңғы қадамында тартысты өтеді деп күтілген сайлауда шешуші рөл атқаруы мүмкін араб партияларын нысанаға алуда.
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде / Reuters Archive

Нетаньяхудың Ликуд партиясы жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде араб көпшілігі бар екі партияның 27 қазанда өтетін Кнессет сайлауына қатысуына бөгет қою үшін бастама көтеретінін хабарлады.

Ликуд «Бірлескен Тізім» және «Раам» ретінде танымал Біріккен Араб Тізімінің сайлауға қатысуын бұғаттау үшін өтініш беруді жоспарлап отырғанын білдірді.

Партия бұл екі құрылымды израильдік сарбаздарды қорлағаны, әрі ХАМАС пен Хезболланы «террористік ұйым» ретінде танудан бас тартқаны үшін «терроризмді» қолдады деп айыптады. Жасалған мәлімдемеде бұл айыптауларды қуаттайтын ешқандай дәлел ұсынылған жоқ.

Бұл қадам Ликудтың Нетаньяхудың сайлаудағы басты қарсыласына айналған «Яшар» (Yashar) партиясының лидері, бұрынғы Бас штаб бастығы Гади Айзенкотқа қарсы шабуылдарын үдеткен кезеңінде жасалды.

Ликуд аталмыш екі араб партиясын Айзенкоттың «табиғи серіктестері» деп сипаттады және Айзенкот үкімет құру үшін оппозиция лидерлері Яир Голан мен Авигдор Либерманнан бөлек осы партияларға да иек артатынын алға тартты.

«Бірлескен Тізім» Израильдегі араб саяси партияларының басын қосса, Мансур Аббас бастаған «Раам» альянстан бөлінгеннен бері сайлауға бөлек қатысып келеді.

«Раам» 2021 жылы Израиль үкіметінің коалициясына кірген алғашқы араб партиясы болған еді.

Соңғы сауалнамалар Айзенкоттың «Яшар» партиясын Ликудтың алдында көрсеткенімен, Нетаньяху блогы да, оппозиция да үкімет құруға қажетті 61 орынға жету жолында айқын басымдыққа ие емес.

Бұл тығырыққа тірелген жағдай сайлаудан кейінгі коалициялық келіссөздерде араб партияларына маңызды рөл беруі мүмкін.

Іздеу
Израиль баспасөзі: "Президент Ердоған Түркияны Таяу Шығыста күрделі актерге айналдырды"
Сирия-Түркия қарым-қатынастары соңғы 2 жылда үлкен серпін алды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Түркі мемлекеттері арасында «TÜRKPOL» құрылады
Сабаленка мен Рыбакина “US OPEN”чемпионатының финалына шықты
Грек баспасөзі: «Түркияның ірі держава ретіндегі күшін елемеуге болмайды»
Түркия мен Ирак Анкарада қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ЖИ қауіпті қаруға айнала ма? “Anthropic” жаңа қатерлерді анықтады
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Түркия «PISA»-да алғашқы бестікке енуді көздейді
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Түркия мен Италия ынтымақтастықты нығайтады
Сирия АЭХА шешімін құптады
Алжир Біріккен Араб Әмірліктерімен байланыстарын үзді