ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Қазақстанда
Астана қаласына ресми сапармен барған Режеп Тайып Ердоғанды Қасым-Жомарт Тоқаев ресми салтанатпен қарсы алды.
Президент Ердоған Қазақстанда
Президент Ердоған Қазақстанда / AP

Президент Ердоғанның кортежі Түркия мен Қазақстанның мемлекеттік туларымен безендірілген жолмен жүріп өтіп, Тәуелсіздік сарайына барды. Ердоғанды көліктен түскен кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Екі ел президенті салтанатты рәсім өтетін залға кіргеннен кейін әскери оркестр Түркия мен Қазақстанның мемлекеттік әнұрандарын орындады. Президент Ердоған сап түзеген құрмет қарауылының алдынан жүріп өтті.

Ресми делегациялар таныстырылғаннан кейін екі көшбасшы қол алысып, суретке түсті. Кейін президент Ердоған мен Тоқаев жеке кездесу өткізді.

Жеке кездесуден кейін Ердоған Түркия–Қазақстан Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысына төрағалық етеді. Сондай-ақ екіжақты келісімдерге қол қою рәсіміне және бірлескен баспасөз мәслихатына қатысады.

Салтанатты рәсімге Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық білім министрі Юсуф Текин, Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер, Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр, Сауда министрі Өмер Болат, Түркі Мемлекеттері Ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран, Түркия Президент Әкімшілігінің Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Халюк Гөргүн, Түркия Президентінің сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бас кеңесшісі Акиф Чагатай Кылыч және Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасарлары да қатысты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістанда басқосады
Іздеу
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Палестина туын желбіретті
Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады
ЕО Сириямен ынтымақтастықты толық қалпына келтірді
Президент Ердоған Бельгия патшайымы Матильданы қабылдады
Нобель сыйлығының лауреаты Наргиз Мохаммади түрмеден босатылды
Түркия-Бельгия бизнес форумы өтті
Конго Демократиялық Республикасының шығысына лаңкестік шабуыл жасалды
Нетаньяху Иранға қарсы соғыстың тоқтамайтынын мәлімдеді
Таяу Шығыстағы шиеленіс Азия елдерін шұғыл шара қабылдауға мәжбүрледі
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Босфор бұғазы арқылы 9 мың 195 кеме өтті
Түркия Пәкістандағы террорлық шабуылды қатаң айыптады
Сирек вирус америкалық азаматқа да жұққан
Ішкі істер министрі Чифтчи Түркия-Моңғолия отырысына қатысады