ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
Еуропалық Одақ (ЕО) пен Қазақстан көлік байланыстарын нығайту, маңызды шикізат саласында ынтымақтастықты арттыру және инвестициялық жобаларды жеделдетуді көздейтін түрлі келісімдерге қол қойды.
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
Еуропа Одағының туы

ЕО Комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен, ЕО Кеңесінің төрағасы Антониу Кошта және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельде өткен кездесуінен кейін тараптар арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған шешімдер бойынша бірлескен мәлімдеме жарияланды.

ЕО мен Қазақстан арасында қол қойылған Авиациялық келісім әуе байланысын күшейтетіні және еуропалық әуе компанияларына жаңа коммерциялық мүмкіндіктер ұсынатыны атап өтілген мәлімдемеде бұл келісім аясында Қазақстанмен әуе қатынасы туралы келісімі бар ЕО-ның 17 мүше елі арасында барлық еуропалық әуе компанияларының рейс игеруіне жол ашылғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан үкіметінің Астанада маңызды шикізат материалдарына арналған, халықаралық аккредитациясы бар химиялық талдау зертханасын құру жөніндегі техникалық-экономикалық негіздемені қолдау мақсатында өзара түсіністік меморандумына қол қойғаны да жеткізілді.

ЕО-ның маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді көздейтініне назар аударылған мәлімдемеде аталған зертхананың сапа мен қауіпсіздік сынақтарының халықаралық стандарттарға сай жүргізілуіне үлес қосатынына тоқталынды.

Мәлімдемеде ЕО Комиссиясы мен Қазақстан арасында жүргізілген Визалық рәсімдерді жеңілдету туралы келісім және Реадмиссия (кейін шегіндіру) туралы келісім бойынша келіссөздердің сәтті аяқталғаны, бұл келісімдер күшіне енген жағдайда Қазақстан азаматтарының ЕО-ның қысқа мерзімді визаларына өтініш беру процесі жеңілдейтіні, ал Реадмиссия туралы келісім ЕО-ның көші-қон ережелерінің орындалуын қолдайтыны білдірілді.

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді