Түркия Республикасының Көлік және инфрақұрылым министрі сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде соғыс басталғалы бері түркиялық 11 кеменің Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтіп, Парсы шығанағынан шыққанын айтты.
Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу «Nsosyal» әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Түркияның Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағындағы оқиғаларды жіті бақылап отырғанын, өңірдегі кемелер және Түркия азаматтарымен тұрақты байланыс орнатылғанын мәлімдеді.
Уралоглу өңірде әлі де 7 кеме қалғанын, кемелерде 177 Түркия азаматы қызмет атқаратынын айтты. Сондай-ақ кемелердің бірінің Түркия туымен жүзетіні хабарланды. Министр Түркия қандай жағдайда да өз азаматтары мен кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдауды жалғастыратынын жеткізді.
Сәуір айында Уралоглу Ирактан Малайзияға шикі мұнай тасымалдаған Түркияның «Ocean Thunder» танкерінің Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өткенін мәлімдеген болатын. Сол кезде министр Ормуз бұғазы маңында бірнеше түрік кемесі бар екенін және түрік билігінің кемелер мен экипаждардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізіп жатқанын айтқан еді.
Ормуз бұғазы ̶ Парсы шығанағын Оман шығанағымен және әлемдік энергетикалық тасымал бағыттарымен байланыстыратын, дүниежүзіндегі ең маңызды теңіз өткелдерінің бірі.



















