ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Польша президенті Кароль Навроцкий Анкарадағы “ASELSAN”-ның Гөлбашы нысандарына сапары барысында мұнда электрондық соғыс, радар, әуе қорғанысы және байланыс технологиялары жөнінде брифинг алды.
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Польша президенті Кароль Навроцкий (ортада) Түркияға ресми сапары барысында "ASELSAN" компаниясының Анкарадағы Гөлбашы нысандарын аралады. / Anadolu Agency

“ASELSAN” компаниясы Навроцкийдің Түркия мен Польша қорғаныс өнеркәсіптері арасындағы ынтымақтастықтың екі ел үшін де таптырмас әрі аса маңызды екенін атап өткенін хабарлады.

Мәлімдемеде Навроцкийдің мынадай сөздері келтірілді: «Түркия мен Польшаның қорғаныс өнеркәсібі секторлары арасындағы ынтымақтастық – таптырмас мүмкіндік. Бұл әріптестік Түркия мен Польша үшін өте маңызды. Біз ондаған жыл бойы стратегиялық серіктес ретінде бір-бірімізбен тығыз байланыстамыз. 2025 жылы Түркиямен қол қойған келісімнен кейін біз бұдан да қуатты одақ құруға дайынбыз. Түрік Қарулы күштерінің қолдауымен құрылған ASELSAN – тамыры терең, іргелі компания. Біз сіздермен әрдайым пікір алмасуға дайынбыз», – деді ол.

ҚатыстыTRT Қазақ - Польша президенті Түркияға сапарлай келеді

Президент Навроцкий сондай-ақ ASELSAN-ның Польшада жүзеге асырып жатқан жұмыстары мен жергілікті ынтымақтастық байланыстарын жоғары бағалайтынын айтты.

Түркия Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Халук Гөргүн Түркия мен Польша арасындағы қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың НАТО аясындағы одақтастық негізінде одан әрі нығая түсетінін мәлімдеді.

Гөргүннің айтуынша, Навроцкийге түрік қорғаныс өнеркәсібінің ұлттық әрі бірегей технологиялары, инженерлік әлеуеті және жоғары технологиялық өндірістік инфрақұрылымы таныстырылған.

Ол сөзін былай жалғастырды: «Қорғаныс электроникасы, радар, байланыс және электро-оптикалық технологиялар саласындағы мүмкіндіктеріміз, ең алдымен, НАТО-ға мүше екі қуатты ел – Түркия мен Польша арасындағы қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығына жаңа серпін береді деп сенеміз. Нысандарымызға арнайы келіп, қорғаныс өнеркәсібімізге ерекше қызығушылық танытқаны үшін президент Навроцкий мен онымен бірге келген делегацияға алғысымды білдіремін», – деді.

Іздеу
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Әзербайжанда кездесу өткізді
Грек соты төрт түрікті соттады
Иран: «Ливандағы қақтығысты тоқтату талпыныстары ілгерілеуде»
Сирия президенті елінің Ливанға қатысты жаңа көзқарасын түсіндірді
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
Зеленский Ресейдің ауқымды шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады