Түркия Статистика Басқармасы 2025 жылға арналған халықаралық көші-қон статистикасын жариялады.
Бұған сәйкес, Түркияға қоныс аударғандардың (иммигранттардың) саны 2025 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 25,2 пайыз артып, 393 мың 829 адамды құрады. Олардың 56,6 пайызын еркектер, ал 43,4 пайызын әйелдер құрады. Түркияға шетелден келген халықтың 91 мың 952-сі Түркия азаматтары, ал 301 мың 877-сі шетелдік азаматтар ретінде анықталды.
Түркиядан шетелге қоныс аударғандардың (эмигранттардың) саны болса, өткен жылы 2024 жылмен салыстырғанда 5 пайыз азайып, 403 мың 216 адам болып тіркелді. Бұл халықтың 55,3 пайызын еркектер, 44,7 пайызын әйелдер құрады. Түркиядан шетелге кеткен халықтың 155 мың 119-ы Түркия азаматтары, ал 248 мың 97-сі шетелдік азаматтар.
Түркиядан көшкен халықтың жас ерекшеліктеріне қарағанда, ең көп қоныс аударғандар 14,3 пайыздық үлеспен 25-29 жас аралығында. Бұл жас тобынан кейінгі орындарды 12,5 пайызбен 20-24 жас тобы және 12 пайызбен 30-34 жас тобы иеленді.
Ең көп көшті Стамбул қабылдады
Түркияға 2025 жылы қоныс аударғандарды қалалар бойынша іріктегенде, 42,2 пайыздық үлеспен ең көп көш қабылдаған қала - Стамбул. Стамбулдан кейін 9,1 пайызбен Анталия, 6,7 пайызбен Анкара, 3,1 пайызбен Измир және 2,9 пайызбен Бурса қалалары келеді.
Түркиядан шетелге көшкен халықты қалалар бойынша бөлінісіне іріктегенде, Стамбул 35,4 пайыздық үлеспен ең көп көш берген қала ретінде тіркелді. Стамбулдан кейінгі орындарды 8,7 пайызбен Анкара, 6,5 пайызбен Анталия, 4,3 пайызбен Мерсин және 3,7 пайызбен Измир иеленді.
Ең көп көш Түрікменстаннан келді
Елге 2025 жылы келген шетелдік азаматтардың ішінде бірінші орынды 23,4 пайыздық үлеспен Түрікменстан азаматтары алды. Бұл елден кейін 8,3 пайызбен Әзербайжан, 6,9 пайызбен Өзбекстан, 6,1 пайызбен Мысыр және 5,8 пайызбен Ауғанстан азаматтары тіркелді.
Түркиядан шетелге көшкен шетелдік азаматтардың ішінде бірінші орынды 15,7 пайыздық үлеспен Ирак азаматтары алды. Одан кейінгі орындарды 11,2 пайызбен Ауғанстан, 7,6 пайызбен Ресей Федерациясы, 6,3 пайызбен Иран және 5,7 пайызбен Түрікменстан азаматтары иеленді.




















